Футбол • 01 Тамыз, 2017

Владимир Вайсс «Қайратқа» қайта оралуы мүмкін

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық "Қайраттың" тізгініне словакиялық бапкер Владимир Вайсс оралуы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Владимир Вайсс «Қайратқа» қайта оралуы мүмкін

Вайсс "Қайратты" 2012-2015 жылдар аралығында жаттықтырған болатын. Алматылық ұжыммен ел біріншілігінің күміс және екі мәрте қола жүлдесін жеңіп алған. Оған қоса, Қазақстан кубогында екі рет топ жарды.

Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде плэй-офф сынына өтіп, франциялық "Бордоға" есе жіберген.

Қазіргі таңда Владимир Вайсс Грузия ұлттық құрамасын баптайды. Келісімшарт мерзімі ағымдағы жылдың соңына дейін жасалған. Словакиялық маман "Артмедия", "Слован" және "Сатурн" командаларын жаттықтырған. Словакия құрамасымен 2010 жылғы әлем біріншілігіне қатысқан.

Айта кетейік, "Қайратты" испаниялық маман Карлос Алос Феррер жыл соңына дейін жаттықтыратын болады.