Жазғы спорт • 01 Тамыз, 2017

Astana Women's Team командасының спортшысы Коста-Рикада жеңіске жетті

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Astana Women's Team» командасының 22 жастағы жарысқа қатысушысы Арленис Сьерра Коста-Рикада 26 - 30 шілдеде өткен Vuelta Feminina бәсекесінде жеңіске жетті. Бұл туралы cycling.kz хабарлады.

Astana Women's Team командасының спортшысы Коста-Рикада жеңіске жетті

Арленис Сьерра төрт кезеңнің үшеуінде жеңіске жетіп, қызғылт майка  алды, таудағы жарыста  да үздік атанды. Оның командадағы әріптесі  София Беггин мен София Бертиццоло көп күндік нәтижесі бойынша басты іріктеуде  5-ші және 6-шы орындарды иеленді.      

Astana Women's Team командалық есепте бірінші орын алды.