Қазақстан • 01 Тамыз, 2017

Гамбия Қазақстанға тікелей рейс ашуға ниет білдіріп отыр

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гамбия Қазақстанға тікелей әуе рейстерін ашқысы келеді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Гамбия Қазақстанға тікелей рейс ашуға ниет білдіріп отыр

Бұл туралы бүгін ЭКСПО-2017 аясындағы Гамбия Республикасының ұлттық күніне арналған баспасөз мәслихатында Гамбия Туризм министрлігі маркетинг департаментінің директоры Адам Нджи мәлім етті.

«Біз қазақстандық туристердің Гамбияға қолжетімдігі үшін бар жағдайды жасағымыз келеді, қазіргі әуе бағыттарын ыңғайлы деп айта алмаймыз. Маркетингтік зерттеулер жүргізіп, біздің бірегей елімізге тиімді тур ұсынатын туристік агенттікті бекітуді жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы жақын арада іске асырылады», деді Адам Нджи.

Гамбия Африка құрлығындағы ең кішкентай мемлекеттердің бірі. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Сенегалмен шектеседі және батысында Атлант мұхитының жағалауы бар. Туристік сектор - Гамбияның ең үлкен табыс көзі және экономикасының қозғаушы күші.