Қазақстан • 02 Тамыз, 2017

Истеблишмент феномені

631 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Қоғамды басқарудың негізгі құралы – истеблишмент, яғни билік. Билік қоғамдық қатынастарды үнемі реттеуге ұмтылады. Биліктің материалдануы, яғни оның нақты шындыққа айналуы мемлекеттік органдардың қызметтері мен әрекеттерінің арқасында іске асады. Барша халық жиналып мемлекеттік билікті іске асыруы мүмкін емес. Билікті халық пен мемлекет атынан азғана басқарушы топ – билік элитасы іске асырады. Биліктің дұрыс ұйымдастырылуы осы басқарушы топтың деңгейіне, парасаты мен ұстанымына байланысты. Ал билік үздіксіз қозғалыста болуды қалайтын процесс. Билік иесі үнемі өзінің билігі арқылы саясатын іске асырып отыруға міндетті. Монарх, император мұрагерлік абсолютті билік иелері болса, президент, премьер-министрлер сайланбалы билік иелері. Орта билікте – өңір басшылары, төменгі билікте – елді мекендер басшылары.

Истеблишмент феномені

Билік – мемлекеттер мен ха­лықтарды ұйымдастырудың жә­не басқарудың негізгі құ­ра­лы, басқару мен бағынудың негізгі тетігі. Адамдардың түр­лі қауым­да­с­тық­та­ры­ның ара­сын­дағы және қоғамның іш­кі, сыр­т­қы мәселелерін шешудің құра­лы да билік. Биліктің идеялық жә­не ма­змұндық арқауында сая­сат тұрады. Би­лік­тегі топтар өз­­дерінің қоғамды билеу мен бас­­қару жолдарын түрлі саяси док­триналар, идеялар мен тео­рия­лар негізінде жасап қалып­тас­тырады. 

Билік пен саясат үнемі бірін-бірі толық­тырып барып іске асып оты­рады. Ал, мем­лекет билік пен сая­сатты қоғамдық қаты­настарға ен­гізіп, қоғамның саяси шын­­ды­ғын қалыптастырады. Саяси қа­ты­настар саясаттың, биліктің өза­ра ықпал­да­сып, қарым-қа­тынастар жасауы арқылы жү­ре­ді. Сондықтан бүкіл саяси жү­йе­нің қызмет етуінде саясат, би­лік, мемлекет құбылыстары ше­шуші рөл атқарады.
Осы үш тағаны берік, мық­ты мемле­кет­тердің дамуы ой­да­ғы­­дай болады. Қате, қо­ғам­дық шын­­дыққа сәйкес келмейтін сая­­сат ұстанып, халықты қор­қы­тумен басқаратын аз ғана бай топ­тардың мүддесін қорғайтын би­лігі бар елдерде болашақ жоқ. Ондай елдер ұзақ тарихи ке­­ңістікте өмір сүре алмайды. Би­­лікті дұрыс ұйымдастырудың бар­лық халықтар мен мемлекет­тер үшін тағдырлық маңызы ерек­­ше. Тиімді, халықшыл, мем­ле­кетшіл билік дамудың қайнар көзі.

Белгілі бір билігі бар орган­дар қоғамның түрлі салаларын бас­қаруды қам­тамасыз ете­ді. Сондықтан билік адам­зат үшін аса қажетті, тіптен зә­ру құбылыс. Билік жоқ жерде бей­бере­кет­сіздік бастала­ды. Би­лік міндетті түрде бел­гі­­­лі бір саяси бағытты, саяса­т-
­­ты бас­шы­лыққа алады. Сая­сат би­лік­­тің міндеттерін, ба­ғыт­­та­рын және жоспарларын анық­тап береді. Демек, саясат пен би­лік өзара диалектикалық бай­ланыста, бірінсіз-бірі болмай­ды, іске аспайды. Саясат – би­лікке жетудің, оны ұстап тұ­ру­дың және елді басқарудың айла-тәсілдері және жолдары. Саясат билік арқылы шындыққа айналады. Ешқандай билігі жоқ топ­тың саясатының іске асуы мүм­кін емес. Оппозицияда билік бол­мағандықтан оның ықпалы би­ліктегі топтан төмен. Өзінің жақ­тастарын көбейту арқылы оппо­зиция билікке ықпал ете ала­ды. Өз саясатын іске асыру мақ­сатында оппозиция билікке қол жеткізгісі келеді.

Билік, сондай-ақ, адам­дар­дың және әлеуметтік топтар­дың арасындағы бағынуға негіз­дел­ген құбылыс. Оның мәні ба­ғы­ныш­ты болуда. Сондықтан сая­сат­­танушылар билікті қоғамдағы ерік­ті қатынастар деп есептейді. Се­бебі, жеке тұлға қалай ма, қа­ламай ма, ол ерікті түрде билік қатынастарына қатынасады. Би­ліктің осы сапасы оның жал­пы­лық қасиетін анық­тайды. Ада­м­з­ат қоғамына, барша ха­лық­тар мен мемлекеттерге билік тән. Со­­нымен бірге, әр елде биліктің қа­тал­дығы, құрылымы мен маз­мұ­­ны әрқалай, әртүрлі. Билік фе­н­о­­менінің күрделілігі де осында. 
Билік барша мемлекеттерде бар, бірақ бір биліктің түрін екінші ел толықтай қайт­ала­май­ды. Тіп­тен, әлем ха­лық­та­ры­ның ба­­сым көпшілігі ден қойып отыр­­­­ған де­мо­кра­тиялық би­лік жүйе­сі бі­рін-бірі қай­­та­ла­май­ды. Әр елдің өзіне тән б­и­­лік ерек­ше­ліктерінің бо­луы заң­­­дылық. Өз халқы мен мем­ле­ке­тінің көкейкесті мін­дет­терін ше­шуге қабілетті билік жүйесін жа­сай алған мемлекеттер ұдайы та­бысқа жететіндігін тарих тә­жі­­рибесі дәлелдеп келеді. Ке­ріс­інше, билігі әлсіз, немесе ти­ім­сіз мемлекеттер кері кетіп, ыды­рап жатады. Яғни, қандай ха­лық болсын, өз елінде тиімді жә­не күшті биліктің болғанына мүд­делі, сондай билікті қалайды.

Билік ең алдымен елдегі қо­ғам­­­дық өндірісті, яғни эконо­ми­каны ұйым­дас­ты­рады. На­рық­тық экономиканың табыс­ты дамуы сол елдегі билік қаты­нас­тары­ның қолайлы немесе қолайсыз болуына тәу­елді. Би­лік елдің экономикалық өмі­рін ұй­ымдастыра отырып, қоғам­ның бірлігі мен тұтастығын сақ­тауда шешуші рөл атқарады. Мем­лекеттік билікке қол жеткізген топтың негізгі екі міндеті осылар. Сонымен бірге, билік ше­ше­тін басқа мәселелер де жет­кілікті. Қоғамдық өмірдің бар­лық негізгі салаларына билік ық­пал етеді. Мемлекеттің өмір сүруінің қауіпсіздігі мәсе­ле­лері де толықтай билікке бай­ла­­ныс­ты. Мемлекеттік шека­ра­ның т­ұ­тас­тығы мен мыз­ғы­мас­ты­ғы­нан бас­тап, халықтың әлеу­мет­тік-рухани мә­селелеріне дей­ін би­ліктің наза­рында және би­лік­тің қыз­­меті арқылы шешіледі. 

Мемлекетте билік әлсіресе ол қо­ғам­ды басқару, бақылау, ұйым­дас­­тыру ықпа­лы­нан айрыла бастай­­ды. Бұл құбылыс ірі топ­тардың билікке та­­ласуы жағдайында, халықтың әлеумет­­тік толқулары мен на­ра­зы­лығының шектен тыс бел­сенділігі жағдайында, би­лік­тегі ко­мандалардың ауыс­уы­ның ұзап кетуі­нің әсерінен, соғыс­тардың, ұлтаралық жанжалдар кесірінен болып жатады. Би­ліктің мемлекетті басқару қабілетінің әлсіреуінің салдарынан мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігінен айрылып қалуы да кездеседі. Билік кейде бас­қа елдерге қарсы аса қатал, агр­ес­сиялық саясат ұстанып опық жеп те жа тады. Мысалы, фа­шистік Германияның ұлтшыл-социалистік билігі өздерінің шо­ви­нистік саясатының құрбаны бол­ды. Германия бөлшектеніп ба­рып, әрең аман қалды.

Билік қоғам мен мемлекеттің бір­тұтастығын сақтап, дамуына ықпал ететін негізгі күш. Сон­дықтан елдегі ықпалды топ­тың барлығы дерлік билікті, әсіресе мемлекеттік билікті өз қолдарына алуға тырысады. Басқарушы билік әлсіздік таныт­қан жағдайда бәсекелес топтар билік­ке таласа кетеді. Билікке та­лас демократиялық мемлекет­терде заң шеңберінде жүріп, сай­лау нәтижелері арқылы бей­біт жолмен шешіледі. Ал, тота­ли­тарлық, авторитарлық жүй­е­лерде билікке таласу үлкен қақ­тығыстарға, өзара соғысуға дейін алып келеді. Мысалы, Ливияда, Сирияда, Иракта, Ауғанстанда, осындай ішкі саяси тартыстар нәтижесінде шетелдік күштер осы елдер аумағына кіріп кетті. 

Монархиялық, диктатуралық елдерде күшейіп алған топтар міндетті түрде билікке тала­су­ды әдетке айландырады. Им­пе­ратор, патша әлсіреген сәт­те ық­палды топ түрлі айла тәсіл­дер­мен, халықты көтеріп, армия­ны пайдаланып билікті өз қолына алып алады. Кей жағ­дай­да армия қолбасшылары би­лік­ке келеді. Азия, Африка, Ла­тын Америкасы елдерінде онда­ған әс­кери төңкерістер бол­ғаны бел­гілі. Тіпті, бауырлас Түр­ки­я­ның өзінде бірнеше мәрте әс­ке­ри төңкеріс болып, билікке ге­не­рал­дардың келгенін білеміз.
Билікке таласу құбылысы өте қауіпті. Билікке талас ұзаққа созылса, сауда-экономикалық қатынастарының нашарлап кете­тін­дігі, халықтың әлеуметтік мә­се­лелері шешілмей күйзеліске ұшы­рай­тындығы шындық. Сол себептен, билік өте қуатты, кү­р­­­делі, сонымен қатар нәзік ф­е­­­но­мен. Билікпен ойнау отпен ойнаудан да қауіпті. Адам­зат­тың озық ойшылдары би­лікті дұрыс жүргізудің, баян­ды етудің, ұстап тұрудың жә­не оның жасампаздыған арт­ты­ру­дың жолдарын ұдайы із­­дес­ті­­ріп ке­леді. Алайда, бар­лық мем­­ле­кет­терге ортақ, әр елде жұ­мыс іс­теуге қабілетті би­лік­тің уни­фи­кацияланған моделі та­был­ған жоқ. Билік феноменінің күр­делілігі де осында. 

Әрине, әр елдің билігі өз мүд­десі үшін, халқының мақ­сат-мұраттары жолдында түр­лі айла-әрекеттерге барады. Мем­лекеттік билікте түрлі құпиялар, ай­тылуға тиісті емес оқиғалар мен құбылыстар болып жатады. Олар мемлекет мүддесін бар­лық мүдделерден жоғары қоя­тын макиавеллистік саясат ұс­тануы да әбден мүмкін. Ал мә­селе биліктің шешімдері мен іс­терінің сол елдің халқына, да­му перспективасына пайда әкелуінде. Мысалы, Кеңес Ода­ғында 1921-1931 жылдар ара­лығында жүргізілген жаңа эко­номикалық саясат (НЭП) со­циалистік революция идея­сы­на қауышпағанымен, зор та­быс­тар әкелді. Өкінішке қарай, дұрыс НЭП саясаты, би­лік­тің қа­те идеяларының не­гізінде тоқ­татылды. Сөйтіп, соци­алис­тік мемлекет құру талабына ха­лық­т­ың экономикалық мүддесі құр­бан болды. Билік оңбай қа­телесті. Қателік зор адами жә­не материалдық шығындарға алып келгені тарихтан белгілі.

Әрбір елдегі биліктің қалып­та­суының түрлі объективті жә­не субъективті себептері бар. Де­ген­мен, билік формасын таң­дау­да ел­дің халқына өз ық­палын тигізіп отыр­ған саяси элитаның рөлі зор. Саяси эли­таның түпкілікті ниеті қан­дай? Ол өз тобы­ның баюын, кландық мүдделерін, өз би­лі­гінің қорғалуын бірінші орын­ға қоятын болса, халықтың жал­пымемлекеттік мүдделерін тек ұран ретінде ғана көтеріп, нақ­ты шешпесе толыққанды демо­кра­тиялық билік қалыптаспайды. Оның орнына олигархиялық, плу­тократиялық билік келеді. Сая­си кеңістікте әділетсіздіктер мен топтық мүдделер басым болса, халық мүдделері аяқ­қа тапталып, қарапайым ха­лық­тың ішінде наразылық көңіл-кү­йі біртіндеп қордалана бас­тайды. Одан шығудың жолы демократиялық бостандықтарды ашатын меритократиялық билік. Бұл билік еңбегі халыққа сіңген, жаңашыл басшылардың билігі. Меритократия үнемі жетіліп, жа­ңарып отыруы міндетті. Бі­лімді, халықшыл игі-жақсы, бас­қарушы элитасы қуатты елдер та­бысқа жетуші елдер екендігін көрудеміз.

Халықтан шындықты жасыр­ма­ған, уәделерін орын­дауға ұм­ты­л­ған, пайдалы ре­фор­маларға мұ­рындық бол­ғ­ан, заң мен тәр­тіптің сақ­та­луын қамтамасыз еткен би­лік формалары тарихи ке­ңіс­тікте ұзақ өмір сүрген. Тіп­ті, халықшыл, мемлекетшіл бол­ған монархиялық биліктердің де ғұ­мыры ұзақ болғандығына та­­рих куә. Сондықтан, билік пен халықтың тығыз байланыс­та бо­луы, ортақ жалпыұлттық мақ­­саттар мен құндылықтар үшін бірлесіп күресуі өте ма­ңыз­­ды. Әлемдік тарих билік пен ха­лықтың бірлігі болған мем­ле­кет­тер­дің зор жасампаздық же­ңіс­те­ріне жеткендігінің үнемі куә­сі болып келеді.

Сайын БОРБАСОВ, 
саяси ғылымдар докторы, профессор 

АЛМАТЫ