Жеңіл атлетика • 02 Тамыз, 2017

Жарыстар күнделігі

143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен аптаның аяғында Коста-Рикада жалауын көтерген «Вуэльта» бәйгесінде «Astana Women’s Team»  командасының 22 жас­тағы шабандозы Арленис Сьерра   жеңіске жетті.   

Жарыстар күнделігі

Астаналықтар алда келеді

Өткен аптаның аяғында Коста-Рикада жалауын көтерген «Вуэльта» бәйгесінде «Astana Women’s Team»  командасының 22 жас­тағы шабандозы Арленис Сьерра   жеңіске жетті.   
Таулы өлкеде ұйымдас­тырыл­ған жарыстың төрт кезеңнің үшеуінде Арленис Серра жеңіс тұғырына көтеріліп, жеңімпазға берілетін қызғылт түсті майкаға ие болды. Оның командаластары София Бег­гин мен София Бер­тиц­цоло­лар жарыстың көп кезең­дік қорытындысы бойынша 5-ші және 6-шы орынға тұрақ­тады. Жалпы командалар арасын­дағы көрсеткіш бойынша «Astana Women’s Team» көш бастап тұр.     
 
Азияның үздігі аталды

Қытайда өткен «Tour of Qinghai Lake» халықаралық вело­жарысында «Астана Моторс Vino 4ever» велокомандасы «Азия­ның ең үздік командасы» атағын жеңіп алды. 
Команда шабандозы Евгений Гидич жарыстың 13-кезеңінде 2 сағат 13 минут 58 секундтық нәти­же көрсетіп, үздіктер сапы­нан көрініп, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Бұл жарыста бақ сынап жатқан 23 команда арасынан «Цинхай Tianyoude» командасы бас жүлдеге лайық деп танылса, астаналықтар үздіктер қатарына ілікті. 

Жеңіл атлеттер Лондонда сайысады

Лондон қаласында өтетін XVI әлем чемпионатына әлем­нің 205 елінен 2034 жеңіл атлет қатысады деп күтілуде. 2015 жылы Бей­жіңде өткен чемпионатқа 207 елден 1936 атлет қатысқан болатын.
Аталмыш әлемдік додада Қазақстан намысын 13 спортшы қорғайды. Олар – Ольга Ры­пакова, Мария Овчинникова, Вик­тория Зябкина, Полина Репина, Георгий Шейко, Регина Рыкова, Диана Айдосова, Еле­на Наназиашвили, Ольга Саф­ро­нова, Юлия Рахманова, Рима Ка­ша­футдинова, Светлана Голен­дова, Анастасия Тулапи­на. 

Топтаманы әзірлеген Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
 «Егемен Қазақстан»