Күрес • 02 Тамыз, 2017

Бесқарағайда түйе балуандар бәсекесі өтті

403 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Бесқарағайда түйе балуандар бәсекесі өтті

Қарағайлы орманның арасында, ерке Ертістің сағасында, шекара шебінде, елдің шетінде орын тепкен, береке- бірлігі жарасқан Бесқарағай ауданында ұлттық дəстүрімізді ұлықтаған тағы- лымды шара өтті. Елбасының «Ру хани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақа ла сында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аясын- да 28-29 шілде күндері аудан орталығы – Бесқарағай ауылында жалауы желбіреген қазақ күресінен ересектер арасындағы абсолюттік ел чемпионаты – «Əлем ба- рысы» турниріне іріктеуге 2014 жылғы «Қазақстан барысы» Мұхит Тұрсынов, Руслан Əбді разақов, Саят Шəмшиев, Айбат Сейтен бастаған, Бекзат Ахметбеков, Нұрдəулет Жарылғапов сынды балуан- дар қостаған 24 бозкілем шебері қатысып, жарыстың көрігін қыздырды.

«Тарихы тереңнен тамыр тартқан, қойнауы қарағайға, алқабы астыққа толы киелі Бесқарағай өңіріне қош келдіңіздер. Мұндай жоғары деңгейдегі спорттық шара ауданымызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл дүбірлі доданың əйгілі айтыскер ақын Нұрлыбек Баймұратов, көрнекті сазгер Төлеген Мұхамеджанов, белгілі актер Меңтай Өтепбергеновтей тұлғалы азаматтар- ды дүниеге əкелген Бесқарағай топы- рағында өткізілуі бекер емес. Есен- гелді Изатов, Тоғайбек Кирибаев, Құмар Мұқашев, Анатолий Бодранков, Вита лий Куликов сынды есімдері елге мəлім балуандар шыққан өңірде мұндай байрақты бəсекенің ұйымдастырылуы заңды деп білеміз. Еліміздің ең білекті де жүректі балуандарының басын қосқан сайыстың Бесқарағай жерінде жалауы желбіреуі – аудан үшін зор абырой, биік мəртебе. Ұлттық өнерімізді ұлықтаған игі шараның ауданымызда өтуі келе- шекте біздің өңірден де Айбек, Мұхит, Руслан сынды алаштың алапатын асы- рар балуандардың шығуына өз септігін тигізеді деп сенеміз», деді чемпионаттың ашылу салтанатында сөз алған Бесқарағай ауданы əкімінің міндетін атқарушы Ерболат Рахметулин. Шығыс Қазақстан облыстық қазақ күресі федерациясының вице-президенті Амантай Қажымов түйе балуандар арасындағы абсолюттік біріншілік өңірде аудандар арасында ең алғаш рет Бесқарағайда ұйымдастырылып отырғанын, бұл сайыста үздік шыққандар 8 қыркүйекте Астанада өтетін «Əлем ба- рысы» халықаралық турниріне қатысуға мүмкіндік алатынын атап өтті.

Екі күнге созылған түйе балуандар бəсекесінің алғашқы күнінде жарыс қа қатысушылар таныстырылып, салмақ өлшеу рəсімі өтіп, осы шараны ұйым- дастыруға ұйытқы болған, демеушілік ет- кен Ерболат Еренұлы, Нұржан Тоқсейітов, Хабидулла Мукинов, Оралбек Тоқашев, Жанар Əділева сынды азаматтарға Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев тың Алғыс хаты тапсырылды. Соны мен қатар, қазақ күресінен екі дүркін əлем чемпионы, Азия чемпионы, 2013 жылғы «Қазақстан барысы» тур нирінің жеңімпазы Айбек Нұғы маров қа Бесқарағай жұрты ерекше құрмет көрсетіп, шапан жауып, ат мінгізді. Бұл күнгі шаралар легі аудан өнерпаздарының гала-концертімен түйінделді.

Бүгінде Бесқарағай ауданында спорт- тың барлық түрлеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Жеңістің биік тұғырынан көрініп жүрген спортшылар да аз емес. Бұл ретте еркін күрестен үш мəрте ел чемпионы атанған Ержан Смақанов, «Астана-Арланс» командасының мүшесі Қанағат Маралов, гір көтеруден ел чем- пионы Тимур Мүшекенов, жеңіл атлети- кадан ел біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, əлемдегі ең мықты 60 жеңіл атлеттің қатарына енген Əсем Зиаданова, Асхат Елеусізов, Дамир Акимов, Айдос Сабырбаев, Ержан Сапарханов, Ерасыл Қажыбаев сынды спорт шеберлерінің есімдерін ерекше атап өтуге болады. Ал төл өнеріміз – қазақ күресі Бесқарағай өңірінде соңғы жылдары қарқын алып, қанатын кеңге жайып келе жатқаны белгілі. Бір ғана мысал. Осы үлкен шараның демеушілерінің бірі, Ерназар ауылында тұратын кəсіпкер, «Мукинов» шаруа қожалығының бас- шысы Хабидулла Мукинов жақында өз қаржысына елді мекенде қазақ күресі мектебін ашып, керек-жарағымен толық қамтамасыз етіпті. Мұнда жас балуандарға барлық жағдай жасалған көрінеді. Екі мезгіл тегін тамақ беріледі екен.

«Біздің Ерназар ауылы Ресеймен ше- карада орналасқан, арамызды небəрі 1 шақырым жер бөліп тұр. Келімді-кетімді жұрт көп. Əрине, көршілеріміздің бізге «бұлар не істеп жатыр екен?» деп сын көзбен қарайтындықтарын да білеміз. Сондықтан елдігімізді, бірлігімізді, тұтас- тығымызды көрсету үшін қазақтың салт- дəстүрін, жора-жоралғысын берік ұстап, бабалардан қалған байлығымыз – ұлт тық өнерімізді əркез паш етуге тыры са мыз. Қазақ күресі мектебін ашуы мыз дың себебі де сол. Бұл ұрпақ үшін, ұлт үшін керек дүние», – дейді өнер жанашыры.

Бесқарағайға сайдың тасындай кіл мықтыларды жинаған сайыстың тағы бір демеушісі, Глуховка ауылындағы «Бəлке» шаруа қожалығының басшы- сы Оралбек Тоқашев мұндай жоғары деңгейдегі жарыс ең əуелі ауылдың қарадомалақтары үшін ауадай қажет екендігін айтады. «Рухани жаңғыру де- ген осы емес пе? Байтақ жеріміздің бір шалғайында, елдің шетіндегі, желдің өтіндегі ауданда үлкен шара өткізіліп жа- тыр. Мемлекетіміздің егемендік алғанына 26 жылдан асты. Ширек ғасырда өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды деуге болады. Мұндай дүбірлі додалар ең əуелі ауылдағы қара сирақ балалар үшін қажет. Олар Айбектей алып тұлғалы балуандарды көріп өссе, өнеге алса, еліктесе жаман бола ма? Болмайды. Сондықтан тағылымы мол, тəрбиелік мəні зор осындай шаралар- ды жиі өткізіп тұруымыз керек. Сол үшін де ауданның барлық кəсіпкер азаматта- ры қолдан келген көмегімізді көрсетіп жатқан жайымыз бар. Бұл – ауданның, облыстың ғана емес, елдің мəртебесі», дейді кəсіпкер.

Екі күн бойы Бесқарағай төсін дүбірге бөлеген, ұлттық спортты жанындай жақсы көретін көрермендерді «айқайлатып», «пай-пайлатқан» алыптардың айқасы шы- нында да тартысқа толы болды. Бұл сайы- ста Шығыс Қазақстанның атынан 6 бірдей балуан сынға түсіп, соның біреуі ғана ақтық сынға алқынбай жетті. Абай ауданының апайтөс балуаны Мұхит Тұрсынов жар- тылай финалда боз кілемде жиі алдынан шығатын Сыр елінің тумасы, бүгінде Алматының намысын қорғайтын Руслан Əбдіразақовтан айласын асырып, финалда астаналық Айбат Сейтеннің жауырынын жер иіскетіп, түйе балуандар арасындағы бəсекенің бірінші орын жүлдесін иеленді. Екінші орын Айбат Сейтенге бұйырса, екі үшінші орынды – Руслан Əбдіразақов пен Маңғыстаудың жас жолбарысы Нұрдəулет Жарылғапов өзара бөлісті. Жүлдеге қарыс қадам қалса да, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген балуандар да болды. Əсіресе, белдесу барысында аяғын ауыр- тып алып, дəрігерлер көмегіне жүгінсе де, қайсарлығын танытып, сыр білдірмей, соңына дейін күрескен Мақаншының тума- сы, қазір Алматы атынан жарысқа қатысып жүрген Саят Шəмшиевке бесқарағайлықтар жиі-жиі шапалақ ұрып, қошемет көрсетіп отырды.

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»​​​​​​​​​​​​​​