Қазақстан • 02 Тамыз, 2017

Мысырда ұсталған қазақстандықтар елге қайтарылады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл хабарды ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің фейсбуктегі парақшасында жария етті.

Мысырда ұсталған қазақстандықтар елге қайтарылады

«Қазақстандық дипломаттар еліміздің 6 азаматын қайтару үшін Каир әуежайына жеткізді. 1 тамыз күні кешкісін Мысыр Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанның елшілігімен хабарласып, осыған дейін ұсталған қазақстандық азаматтардың барлығын еліне депортациялайтындықтары туралы айтты»,- делінген хабарламада.

Осыдан кейін Қазақстанның консулы арнайы рәсімдерді ұйымдастру үшін әуежайға келіп, еліміздің азаматтарымен жүздескен. Олардың жағдайлары жақсы және жақын арада елге жеткізіледі. Қазақстандықтарды ұстау себептері әзірге айтылмай отыр. Мысыр билігінің ақпаратына сенсек, еліміздің азаматтарын ұстау бойынша барлық мәліметті араб елінің құқық қорғау органдары қосымша хабарлайтын болады.