Аймақтар • 02 Тамыз, 2017

Петропавлда көне зеңбірек табылды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы  мәдениет және демалыс саябағында  күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бей-берекетсіз  салынған нысандарды басқа жаққа көшіруге шешім қабылданған. 

Петропавлда көне зеңбірек табылды

Тізімге «Даниял» дәмханасы да ілігіп, оны бұзу  кезінде құрылысшылар патша зеңбірегін кезіктірген. Өлкетанушылардың  айтуларынша, зеңбірек бұрын осы жердегі  дөң үстіне орнатылып,  балалар  қызықтайтын орын болған. Тарихы әріден басталатын көне артефакт 2000 жылдары үшті-күйлі жоғалып кетіп, тұрғындар  оны «қолды болдыға» жорып жүрген.

«Кейін дөң үстіне  дәмхана тұрғызылып, астында қала берсе керек. Жобалауымызша Петропавл қамалы салынған 1752 жылдары   әкелінгенге ұқсайды. Біз өз тарапымыздан мұражайға ыңғайлы орналастыру жолдарын ойластырудамыз,» дейді  мәдениет және құжаттамалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Нұрмұқанова. Қазір  жергілікті мұражайда екі зеңбірек тұр. Бұл– оған қосылатын  үшінші экспонат.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы