ЭКСПО-2017 • 03 Тамыз, 2017

Кеше ЭКСПО-да қандай шаралар өтті?

354 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі ұлт­тық күн сахнасында Чили Республикасы төл мере­ке­ле­рін тойлады. Екі мемлекеттің әнұрандары орындалып, тулары көтерілген салтанатты рәсімде «Tupa Marka» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, көп­шіліктің көңілін көтерді. 

Кеше ЭКСПО-да қандай шаралар өтті?

Жаңармалы энергияны жетпіс пайызға жеткізбек

«Пайдалы қазбалардың сарқылуына жол бермеуіміз керек. Сондықтан, әлем халқы жаңартылған энергия көздеріне көшу қажет», деді басқосудың ресми бө­лі­­мінде мәртебелі мей­ман­дар. Делегацияны бас­тап келген Чили энергетика министрінің орынбасары Химена Хара өздерінің бұл саладағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екен­дік­терін де жеткізді. Себебі, онда күн көзінен қуат алатын батареялар өте көп екен. «Стансалар кейде электр қуатын артығымен өн­діреді. Әрдайым күн ашық болғандықтан, көп мөл­шерде қуат жинаймыз. Оның барлығын сату мүм­кін емес», дейді олар. Тұтынушыларға электр қу­­аты кейде тегін беріледі екен. Чили жаңғырмалы энер­г­ия көзін игеруде Ла­тын Америкасы мем­ле­кеттері арасында көш бас­тап тұр. 

«Соңғы төрт жылда біздің елде күн мен желден энергия өндіру ісі қарқынды түрде дамып келеді. Арнайы мем­ле­кеттік бағ­дар­ламамыз да жасал­ған. Сол бойын­ша алдымызға нақты мін­дет­тер қойып, жоспармен жү­зе­ге асырудамыз. 2050 жыл­ға қарай осы саланың үле­сін 70 пайызға жеткізуді мақ­сат еттік. Баламалы энергия­ны қолдану тек бізді ға­на емес, бүкіл әлем хал­қын алаң­датуы тиіс деп с­ана­й­­мыз. Астанадағы ЭКС­ПО­-- 
2017 көрмесі осы мә­­се­леге жаңаша көз­қарас­пен қарауға мүм­кін­дік бер­гендігін атап өткім ке­леді», деді Химена Хара.

Гамбия шақырады

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Гамбия Респуб­ли­ка­сының ұлттық күні­не ар­­налғ­ан баспасөз мәс­ли­хаты өтті. Жиында мем­­лекеттің туризм ми­нис­трлігі маркетинг де­пар­­таментінің директоры Адам Нджи Гамбия Қазақстанға тікелей әуе рейс­­терін ашқысы келе­ті­нін мәлімдеді. 

«Біз қазақстандық туристердің Гамбияға қолжетімділігі үшін бар жағдайды жасағымыз келеді, қазіргі әуе бағыттарын ыңғайлы деп айта алмаймыз. Маркетингтік зерттеулер жүргізіп, біздің бірегей елі­мізге тиімді тур ұсынатын ту­ристік агенттікті бекітуді жос­пар­лап отырмыз. Мұның барлығы жақын арада іске асырылады», деді Адам Нджи. 

Гамбия – Африка құр­лы­ғын­дағы ең кішкентай мем­ле­кеттердің бірі. Сол­түс­тігінде, шы­ғысында және оң­түс­тігін­де Сенегалмен шектеседі. Ба­ты­сында Атлант мұхитының жа­ғалауы бар. Туристік сектор – Гамбияның ең үлкен табыс көзі және экономикасының қозғаушы күші. 

Опера майталмандары өнер көрсетті

«Астана Опера» театрының сахнасында атақты Пласидо Доминго мен үлкен опера жұлдыздары Джузеппе Вердидің «Травиата» атты туындысын қойды. Операдағы басты Виолетта мен Альфредоның партияларын әлемдегі үздік сопранолардың бірі Марина Ребека (Латвия) мен танымал қазақстандық тенор, «Астана Операның» жетекші солисі Медет Шотабаев орындаған.  Дирижері – АҚШ-тың атақты маэстросы Юджин Кон.

Мұндай ауқымды мәдени шара ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Пласидо Доминго Марина Ребеканы соңғы елу жылда Виолетта партиясын ең үздік орын­да­ғандардың бірі деп санайды. Ол Дж.Верди шедеврінің он бестен астам түрлі қойылымдарында өнер көрсеткен және әлемнің үздік опера театрлары образдың Марина Ребеканың интерпретациясында толыққанды әрі нақты берілгенін мойындаған. Әлемдік опера жұлдызы Марина Ребека талғампаз көрермен мен қатал сыншыларды мінсіз актерлік шеберлі­гі­мен, тамаша дауысымен және айрық­ша тембрімен тәнті етті. Ол үздік ха­лықаралық сахналарда жиі өнер көр­се­тіп тұрады. 

Виолеттаның ғашығы Альфредо Жермонның партиясын орындаған танымал вокалист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев та шет мемлекеттерде сұранысқа ие. «Астана Операның» жетекші солисі Италия, Швейцария, Австрия, Словакия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Бразилия, АҚШ, Канада елдеріне жиі гастро­льге шығады. Аталған мем­ле­кет­тердің барлығында қазақ­стандық әртіс­тің тұрақты тыңдармандары қа­лып­тасқан. Жақында ғана М.Шотабаев Австриядағы атақты «Graz Opera» сахнасында өнер көрсетті және 14 спектакльде Винченцо Беллинидің «Норма» операсындағы Полионның басты партиясын алып шықты. 

Дарынды америкалық дирижер Юджин Кон аңызға айналған Рената Тебальди, Джузеппе ди Стефано, Франко Корелли, Мария Каллас, Рената Скотто, Лучано Паваротти сынды вокалистермен бірге өнер көрсеткен. Соңғы 25 жылда дирижер Пласидо Домингомен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, бірлескен спектакльдер, концерттік бағдарламалар, көптеген CD және DVD дискілерін жазумен айналысып жүр. Сондай-ақ, Юджин Кон 2008 жылдан бастап, танымал италиялық әнші Андреа Бочеллимен бірге жұмыс істеп келеді. 

Айта кетерлігі, Пласидо Доминго мен әлемдік опера жұлдыздарының  қа­т­ысуымен өтетін «Травиата» «Аста­на Операда» 3 тамыз күні қайта қойылады.

Биомассаны пайдаға жаратқан Бенин ұлттық күнін мерекеледі

ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында Бенин Респуб­ли­ка­сының ұлттық күні өтті. Батысафрикалық елдің төл ме­ре­кесі мемлекеттің тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген. Салтанатты шараның дәстүрге сай жиын екі елдің туларын көтерумен ашылып, әнұрандары орындалды.

Ресми бөлімде еліміздің Білім жəне ғылым министр­лі­гінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев сөз сөйлеп, Бенин делегациясын ұлттық күнімен құттық­та­ды. Биыл қос тарап ара­­сындағы дипломатиялық қа­рым-қатынасқа 6 жыл толды. Ал мемлекеттің егемен­ді­гін алғанына 57 жыл толып отыр. ЭКСПО-2017 көр­месіндегі жаңа идеялар Қазақстан үшін ғана емес, жал­пы жаһандық энергия үшін қол­данылады. Бұл маңызды ша­раға Бениннің қатысуы – ол елдің Қазақстанмен жақсы қа­тынасының куәсі. Біз үшін бұл – Африканы ашудың мүмкіндігі», деді ол.

Бениндіктер баламалы қуат көз­дерінен энергия өндіру та­қы­рыбын өзек­ті санайды. Өйт­ке­ні, жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың жар­­ты­сынан астамы ауыл ша­руа­­шылығымен айналысады. Сон­д­ықтан да, олар биомасса қал­дықтарын пайдаға жаратып келеді. «Біз ЭКСПО-2017 көр­месінің ЖЭК пен таза энергияны қолдануға арналған  тақырыбын қолдаймыз. Бенин үкіметінің басты мақсатының бірі – ағаштарды кесуге қарсы тұру. Осы себепті, ағайынды егіздер баламалы энергия көздері негізінде жұмыс істейтін «Atingan do zosi» пешін ойлап тапты. Алғашында ол қоршаған орт­аны сақтап қалу үшін, ішкі газ қажеттілігін төмендету мақ­сатында әзірленген болатын», деді Еуропа сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Сетчехо Кристоф Дан­гнихин.

Бенин павильонында  ұлт­тық экспозиция бар, ол ел­дің мәдениеті мен салтын таныстырады. Павильон «Аф­рика Плаза»  ұжымдық па­ви­льонында орналасқан. Осы көрмеге дейін ел Шанхайдағы ЭКСПО-2010, Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесіне қа­тыс­­қан. Сондай-ақ, респуб- 
ли­када баламалы энергия көз­дерінің әлеуеті жоғары. Он­дағы энер­гетика секторында биомассадан энергия өндіру 59,4 пайызды құрайды, одан кейін мұнай өнімдері – 38,4 пайыз. Мемлекет 100 пайыз мұнай импортына тәуелді. Аумағы біздің бір ауданымыздай ғана болса да, халқының саны 12 миллионға жуықтайды. Астанасы – Порто-Ново, бірақ ел басшылығы Котону атты ірі қаласында орналасқан. 
Концертке ұласқан шара соңында бишілер, дауылпаздар ұлттық өнерлерін ортаға салды.

ЭКСПО-ға қош келдіңіз

Өлеңін жазған шөмішбай сариев
Музыкасын жазған шәміл әбілтаев

Астанаға қош келдіңіз күллі әлем,
ЭКСПО-ға қош келдіңіз күллі әлем.
Тұңғыш Қазақ Президенті атындай,
Қазақ Елі – ғажайып Ел/2/, - Нұрлы әлем!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сол бір нұрдан шашу шашты Астанам,
Айналайын, ақиығым – Бас қалам!
Болашақтың нұр отына айналды,
Қадамдарын келер күнге/2/, бастаған.
 
Қазақ Елі – Тәңір сүйген арқалы ел,
Көкке жетті әрбір шыңың, әр төбең,
Далам кеңіп,
Тауларым тұр асқақтап,
Туған Елім биіктеді/2/, мәртебең!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Құшағың мен кеудең толы гүлді бол,
Қошеметтеп мың-миллион мыңды қол,
ЭКСПО-ның шамшырағы жағылған,
Ал, ағайын, алдымызда/2/, Нұрлы жол!

Тәуелсіз Ел! Туған ұлтқа тілегім,
Ал, қалайша толғанбасын жүрегім,
Алашымның ауыз бірлік арқасы,
Еңсең биік Ұлы Қазақ/2/, ұлы Елім!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Осындай бір ұлы шуақ Күнге алаң,
Көзін алмай, 
Ойға батып тұр ғалам,
ЭКСПО бұл әлемдегі ең жарық,
Жер жаһанға сәуле шашқан/2/, нұр ғалам!!!


Топтаманы әзірлеген

Асхат РАЙҚҰЛ,

суреттерді түсіргендер

Орынбай Балмұрат, Ерлан Омар,

«Егемен Қазақстан»