Аймақтар • 03 Тамыз, 2017

Білім жүйесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іс-шараның ресми ашылуында сөйлеген сөзінде агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев білім берудің маңыздылығына тоқ­талып, осы саланы қаржы­лан­дырудың кейінгі он жыл­да 2,5 есеге көбейгенін мәлім­деді. 

Білім жүйесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Сондай-ақ, жиын барысында білім беру саласының сыбайлас жемқорлыққа бейім келетіні айтылды. Со­ның ал­дын алу мақса­тын­да оқушы­лар­мен тәр­бие жұ­мысын жүргі­зетін «Адал ұрпақ» клуб­тары құры­лып, мемле­кет­тік грантқа құ­­жат қабылдау автоматтан­дырылып, жоғары оқу орындарын­да түсіндіру жұ­мыс­тары атқа­рылған. Бір­неше жоғары оқу орындары адалдық қағи­датын қа­таң ұстанатын білім ордасы ретінде «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы хартияға» қол қой­ды. 

Мәжіліске қатысу­шы­лар­­дың пікірінше, ең әуелі сы­бай­лас жемқорлықтың эко­номикалық негіздерін жойып, бюджет қаржысын пайдалануға, мемлекеттік сатып алуға, мемлекеттік мүлікті қолдануды бақылауды күшейту, академиялық адал­дық негіздерін енгізіп, рұқ­сат беру процедураларын қысқартып, ЖОО-ларда студенттерге қызмет көрсету орта­лықтарын ашып, мектеп және мектепке дейінгі тәр­бие меке­мелері директор­ларын конкурстық ірік­теу процедураларының ашық­ты­ғын қам­та­масыз ету қа­жет. Сонымен қатар, мек­теп мұ­­ға­­лімдерінің санаттар, қосымша жүктеме мен оқу са­ға­тын алу барысында кез­де­­­сетін кейбір деректер де тал­қыға түсті. 

Сондай-ақ, жиын барысында Мем­лекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­­­қор­­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі ұйытқы бол­ған «Абы­ройлы ұстаз» жоба­сы­ның тұ­сауы кесілді. Аталған жоба шеңберінде адалдықтың үл­гісі саналған ұстаздар ба­ғалы сыйлықтарға ие болады. 

«Егемен-ақпарат»