Аймақтар • 03 Тамыз, 2017

Басқалар бас қалаға қарап, бой түзесе

152 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматыға келген сайын немесе Алматыдан сапарға шығарда қа­зір тас-талқаны шығып, сондағы антисанитарлық жағдай орын алып жатқан «асхана», «кафе» деп аталатын тамақтану орын­дары мен бей-берекет сауда орын алған бұрынғы «Саяхат» автовокзалының маңынан немесе бірінші және екін­ші темір жол вокзалдарынан аттанып жатамыз.

Басқалар бас қалаға қарап, бой түзесе

«Автовокзал» деп атала­ты­н­­нан шыға салысымен авто­бус­тардың біріне отыру үшін ең қозғалысы көп кө­шелердің бі­рі Райымбек даң­ғылына бет ала­мыз. Аял­да­маға жақындай бе­ре қай авто­бустың болсын кон­­дук­торларының «Прямо по Таш­­кентской, Алтын-Орда!» «Барахолка, барахолка!» «По Таш­кентской! Думан!» деген ай­қайларына тап боламыз. Ара­ларында тоқтайтын орын­дар­ға, жолаушыларға та­ласып, ке­ріл­десіп жатқан жүр­гі­зу­шілер де байқалады. 

Қай бағыттағы авто­бус­тарға отыр­саң да көшелер атау­лары «Комсомолская, Таш­кентская, Советская, Ле­нина» деп ескі атау­лармен аталып жатады. Өзің қайта-қайта сұрап ты­қақ­тамасаң аялдамаңнан өтіп, адасып қалуың ғажап емес. Жүр­гі­­зу­­шілердің жолау­шыда жұ­­мыс­­­тары жоқ. Қалта теле­фон­­да­ры­ман ұзақ сонар әңгі­ме­лесіп бара жатады. Немесе бір ба­ғыт­тағы автобустар жолаушы­лар­ды тезірек қамту үшін жа­рыс­ып бара жатады. Бір ба­ғытпен жүріп өткеннің өзінде жүр­гі­зу­ші де, кондуктор да өз­де­рі­не «ақша жасап» бара жат­­­қан­дарын анық байқауға бо­лады.

Темір жол вокзалына кел­­сең де кассаларда «билет жоқ» деген хабарландыру­лар жазулы тұр­ғанымен, пой­ыз жүруге жа­қын­да­ған­­да әр жолсеріктің аяқ ас­ты­нан та­былған билеттер­мен 3-4 адам­нан жетектеп жүр­генін кө­­реміз. Жол-жө­не­кей бо­са­ған орын­дарға да жол­се­ріктер өз қалталарын ойлап билетсіз адамдар алып жатады. 

Вокзал қызметкерлері бол­сын, анықтама қызметі бол­сын жөн сұраған жолау­шы­ларға жөн­ді жауап та бер­мейді. Кеу­де­лерін кере сөй­­леп, кеке­сінмен дө­р­екілік та­нытуға дайын тұ­рады. Пой­ызбен үнемі сапар ше­гіп жүр­меген адамдардың әуре-сар­саңға түсіп қалары әб­ден мүм­кін. Пойыз жүретін кез­де вагоннан, платформадан адасып жүрген адамдарды бай­қауға болады.

Атақты ЭКСПО-2017 көр­­­ме­сін тамашалау үшін Ас­та­на қа­ла­сының темір жол вокзалы­на жеткенімізде мә­де­ниет дең­гейі де, қызмет көрсету сапа­сы да әлдеқайда жоғары өр­ке­ниетті елдердің қаласына кел­гендей сезімде болдық. Анық­тама бюросы да, вокзал қыз­­меткерлері де, қызметте жүр­­ген сақ­шы­лар да барлық сұ­ра­қтары­мызға таза қазақ ті­лін­де қанағаттанарлық жауап бер­ді. Өзімізді назар аударуға тұраралық тең дә­реже­дегі адам се­­зіндік. Ал­матыға қайтарда да жол-жө­не­кей пойыздарға мін­­ген адам­дардың билеттер­мен қам­тамасыз етілгенін бай­қа­­дық. 

Астана вокзалынан шыға са­лып автобус­тар аял­да­масына бет ал­дық. Бар сұ­рақтарымызға жүр­гі­зу­ші­лер де, кондукторлар да тұ­шым­ды жауап берді. Әсі­ресе ав­тобустардағы тәртіп ұна­ды. Бар аялдамалар автобус ра­дио­торабы арқылы алдымен қазақ тілінде, одан соң орыс тілінде хабарланып оты­рылды. Радио торабы бол­маған жағ­дайда кондуктор­лар таза қа­зақ тілінде хабар­лан­дырып оты­рады екен. Ал­ма­тыдағыдай «Прямо по Ташкенской, Алтын-Орда!» де­­ген сияқты ке­леңсіз ай­қай­лар бай­қал­ма­ды. Бәрі рет­те­ліп, жолға қойылған. 

Халыққа қызмет көр­сету орындарында, көше­лер­де бар­лығының қазақша сөйлеп тұр­ғанына қарап, Астана халқ­ы­­ның ұлтттық сана­сының ана­­ғұр­лым жоғары екеніне көз жет­кізген­дей болдық. Қаланы ара­лау кезінде де мектеп оқу­­шы­­ларының, тіпті славян ұлты өкіл­де­рі­нің мемлекеттік тілді мең­­гер­геніне таңдай қақтық. Ал­ма­­тыдағыдай өз баларымен, немерелерімен орысша шүл­­дірлесіп тұрғанын көр­ме­­дік. Көшедегі кездейсоқ қа­ла тұр­ғындарымен сыр тар­тып, сөй­лесе қалғанда да халықтың мем­лекеттік тіл­ге деген құр­меті анық се­зіліп тұрды. «Қазақ тілі тұр­­мыстық ас бөлме тілі» деп, немерелерін дәл үйінің жа­­нын­­дағы қазақ мектебіне бер­­мей, онсыз да тіл біл­мей­тін жанды алыстағы орыс мек­тебіне сүй­релеп жүр­ген бейшара ата-аналар­ды кез­дестірмедік. Кез­дес­­кен сту­­дент жастармен сұ­х­бат­та­су барысында Ас­та­на­дағы ЖОО-ларда да Ал­ма­ты­­да­ғы­дай студенттердің ақ­­ша­ға ба­ғаларын сатып алып жү­ген­дері жоқ көрінеді.

Астана − қазақ халқы­ның, Қазақстанның бет-бейнесі. Бұ­рын­ғы Цели­но­град кезінде көр­­генімізден мүл­дем бөлек осы за­манғы мегаполиске ай­налған. ЭКСПО-2017 ха­лық­­а­ралық көр­­­месін аралау ке­зінде де жер жүзі ха­лық­тарының Қа­зақ еліне де­ген құрметі мен іл­ти­па­ты ба­рын­ша се­зі­ліп тұр­ды. Көр­ме өте керемет ұйым­дас­тырылған екен. 

Шөмішке су толтырып алып, құлағынан қарауыл қа­рай­­­тын әдетімізбен бар­лық же­­тіс­­тік­те­рі­мізді өті­рікке шы­­ғарып, қы­ңыр­ла­нып қыр­сы­ға сөйлегенді қой­­ып, елі­міз­ді алға бастыру үшін өр­ке­­ниетті елдердей ба­р­­лы­ғы­­­мыз бір мақсатқа бі­рі­гіп, ал­­ға ұмтылатын кез кел­­ді деп ой­лаймыз. Әрине, Ал­ма­ты тұр­ғын­дарының көп­этно­с­­­тығы, менталитеті бөлек шы­ғар. Десек те Астанадағы тәртіп Ал­матыға да жетер деп ойлаймыз. 

Нұрберген ӘМІРЕ-ШОҒАН

Алматы облысы,
Қапшағай қаласы