Футбол • 03 Тамыз, 2017

Григорий Бабаян: «Астана» осындай ойындар арқылы шыңдалады

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» Польшаның «Легия» командасына 0:1 есебімен есе жібергенмен, екі ойынның қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Осы матч жайлы елордалық ұжымның бас бапкерінің ассистенті Григорий Бабаян өз пікірін білдірді.

Григорий Бабаян: «Астана» осындай ойындар арқылы шыңдалады

Өте ауыр кездесу болды, келесі кезеңге өту үшін үлкен күш жұмсалды. Бірақ команданың мінезін осындай матчтар арқылы шыңдауға болады. Бұл жолғы сынақтан «Астана» сүрінбей өтті деп айтуға толық негіз бар. Команда осымен үшінші рет еурокубоктарда ойнауға мүмкіндік алып отыр. Бұл ойыншылардың, бапкерлер алқасының, басшылықтың қажырлы еңбегінің арқасы. Осы сәтті пайдалана отырып бүкіл қазақстандықтарды елордалық команданың плей-офф кезеңіне өтуімен құттықтаймын! «Астана» жырақта ойнаса да, жанкүйерлерінің ыстық қолдауын сезінді.

– Плей-офф туралы әңгімемізді жалғастырсақ, «Астананың» қарсыласы ретінде қай команданың болғанын қалар едіңіз?

 – Чемпиондар лигасында оңай қарсылас болмайды. Бүкіл командалар жоғары деңгейде, өз елдерінің чемпиондары. Оның үстіне біз жеребе тарту кезінде үлкен командаларға тап келейін деп тұрмыз. Бірақ «Астана» қандай командамен болсын ойнауға дайын екенін дәлелдеген болатын.