ЭКСПО-2017 • 04 Тамыз, 2017

Көрме аясындағы – Қостанай күндері

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ән-күй құйқылжып, азық-түлік арзан бағамен сатылады

Көрме аясындағы –  Қостанай күндері

Ертең Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­­дырылған көрмесіне арналған Қостанай облысының күндері бас­талады. 9 тамызға дейін жалғасатын аймақ мерекесі аясын­да суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлері, филармония және театр әртістері өнер көрсетіп, спорттық жарыстар мен өңірдің ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің жәр­мең­кесі ұйымдастырылады. Онда шұжық, сүт, кондитерлік, ұн және макарон өнімдерінің түрлері, басқа да өнімдер тауар өн­ді­рушілердің бағасымен ұсынылады.

Қостанай облысы күндері 5 тамыз күні сағат 21.30-да ЭКСПО көр­месі аумағындағы амфитеатр­да үздік шығармашылық ұжым­дар­дың гала-концертімен ашылады. Келесі күні сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін «Қазанат» атшаба­рында болатын «Шырқар әнім ту­ған өлкем – Қостанай» атты кон­це­ртінде өңірдегі халық ән­де­рін үз­дік орындаушылардың, сон­дай-ақ, Елубай Өмірзақов атын­дағы облыстық филармония әр­тіс­терінің өнерін тамашалауға бо­лады. Ал сағат 18.00-де Қали­бек Қуанышбаев атындағы акаде­мия­­лық қазақ музыкалы-драма театры­нда Ілияс Омаров атындағы об­лыстық қазақ драма театрының Ыбырай Алтынсаринге арналған «Дала шамшырағы» спектаклі қойылады.

7 тамыз күні сағат 19.00-де М.Горький атындағы мемлекеттік ака­­де­миялық орыс театрында облыс­тық орыс драма театрының Ах­мет Байтұрсынов пен оның жұ­байы Бәдрисафаға арналған «Любовь и смерть ақ келін» спектаклін көруге шақырамыз. Дәл осы уақытта Астана қа­ласының орталық алаңында «Сла­вян­ская песня» орыс халық ас­паптар ор­­кес­­трі мен ансамблінің «Музыка – ду­ша народа» атты во­кал­дық-поэ­ти­ка­лық бағ­дар­ла­масы көпші­лік­ке ұсы­ны­ла­ды. 

31 шілде мен 9 тамыз ара­лы­ғын­да «Қазанат» атша­ба­рын­да­ғы эт­но­ауылдың «Қолөнершілер» сек­­торында Қостанай облысының 20 қолөнер шеберінің «Туған жер құ­ша­ғында» экспозициялық көр­месі өте­ді. Сонымен қатар осы маң­да 5 және 6 тамыз күндері өтетін қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, то­ғыз­құ­малақ, қазақ күресі, аламан бәйге, құ­нан бәйге сияқты ұлттық спорт жа­рыс­тарын ұмыт қалдырмағанымыз жөн. 
8 тамыз күнгі мәдени шаралар легін сағат 19.00-де орталық алаң­­да «Костанайские зори» би ан­сам­блінің «Сиқырлы би әле­мі» хо­р­е­ографиялық шолуы жал­ғай­ды. 9 та­мыз күні сағат 19.00-де ел­орда­ның бас алаңында облыс мә­де­ни күндерінің жабылу салтанаты ұй­ымдастырылады.

Асхат РАЙҚҰЛ

"Егемен Қазақстан",

Суретті түсірген

Ерлан Омар, «Егемен Қазақстан»