ЭКСПО-2017 • 04 Тамыз, 2017

Жетісулықтар технология жетістіктерімен танысты

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысынан Астанаға жет­кен де­легация ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесіндегі жаңа технологиялар мен жаңғырмалы энергия көздерімен та­нысты.

Жетісулықтар технология жетістіктерімен танысты

Шетелдік компания басшыларымен кездесіп, облыстың баламалы энергия көзі жайында жан-жақты тәжірибе алмасуды мақсат еткен жетісулықтар сапар барысында Ресей, Германия, Сербия, Испания, Шри-Ланка және Нидерланд мемлекеттерінің павильондарын аралады. Олардың жасыл энергияға қосқан үлестерімен танысты. 

«Алматы обысының табиғаты жаңғырмалы энергия көздерінен жоғары нәтиже шығаруға мол мүмкіндік береді. Біз үшін энергия көздерінің ең жаңа әрі маңызды механизмдері мен жетістіктерін білікті мамандардан үйрену өте маңызды», дейді делегация жетекшісі, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов. 

Делегация екінші күнгі сапарда Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ және басқа да алпауыт мемлекеттердің павильондарында көпшілік назарына ұсынылған жетістіктермен танысуда. Жұмыс сапарының нәтижесінде баламалы энергетикалық компаниялармен серіктестік пен ынтымақтастық орнатып, жұмыс істейтін арнайы комиссия құрамы бекітілетін болады.