Аймақтар • 04 Тамыз, 2017

Ауылдағы макарон цехы

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдар­ла­ма­­сы кәсіп ашып, іс бастаймын деген алыстағы ауыл хал­­қына да игілігін көрсетіп келеді. Атырау облысының Иса­­тай ауданында тұратын Зайыпхан Наурызбаева – со­лардың бірі. Макарон цехын ашқысы келген ол ау­­да­ндық кәсіпкерлер палатасына барып, мемлекет­тен берілетін грантты алуға құжаттар толтырған. Бас­та­­масы сәтті болды. Зайыпхан Наурызбаева аталған бағ­дарлама аясында 1 млн 700 мың теңге көлемінде қай­тарымсыз грант ұтып алды.

Ауылдағы макарон цехы

– Грант қаражатына Ресей­ге арнайы барып, макарон цехы­ның технологиялық про­цес­те­­рімен таныстық. Қажетті құ­­рал-жабдықтарды сатып ал­дық. Жолдасым Жамбыл тех­но­логиялық колледжінде оқы­ған, сондықтан бұл сала бізге жақ­­сы таныс. Цех құрылысына ауыл шаруашылығын қолдау қо­­рынан қосымша несие алд­ық. Қазір макаронның екі тү­рін шығарамыз, болашақта биз­несімізді кеңейткіміз ке­ле­ді, – дейді кәсіпкер.

Сағатына 80 келі өнім шы­ға­рыл­атын цехта әзірге кә­сіп­кер­дің отбасы мүшелері жұ­мыс істейді. Исатай ауда­нында бұ­ған дейін макарон цехы бол­маған. Жаңа бас­тамаға қол­дау көрсеткен иса­тай­лық­тардың жергілікті өнім­ге сұранысы жоғары.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ