Қазақстан • 04 Тамыз, 2017

Қалбатауда әуенді субұрқақ ашылды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Өскемен мен Семей қала­ларының орталық алаңдарында әуен­ді, түрлі-түсті субұрқақтар ашылып, шаһар тұрғындарының көз қуанышына ай­­на­­лып еді.

Қалбатауда әуенді субұрқақ ашылды

Енді міне, өңірдің аудан ор­та­­лық­тарында да осындай субұрқақтар іске қосылып, жұрт баратын демалыс орын­дарының қатары көбейіп келеді. Жақында осындай түрлі-түсті субұрқақ Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылындағы орта­лық алаңда елді мекен тұрғын­дарының, жастардың қаты­суымен салтанатты түрде ашыл­ды. Ауылдағы ағайынның көңі­лін серпілткен шараға аудан әкімі Нұрлан Сыдықов та арнайы қатысып, елді мекенге ерекше көрік берген субұрқақты жұртпен бірге тамашалады. 

«Ауылымыздың көркін кіргізіп, ажарына ажар қос­қан бұл нысан жергілікті тұрғын­дарға ғана емес, ауданға келетін қонақтарға да ерекше әсер сыйлайды деп ойлаймыз. Әсіре­се, біз секілді жастар үшін ауда­ны­­мызда осындай демалыс орын­дарының көп болғаны қуан­тады», деді субұрқақтың ашылу салтанатында жас­тар атынан сөз алған «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесі Махаббат Санат.

Әуенді субұрқақ екі тоста­ған­нан тұрады. Үлкенінің диа­метрі 20 метрді құрайды. 200 су бүріккіштен тұратын субұрқақ 12 метр биіктікке дейін су шашатын көрінеді.  

Азамат ҚАСЫМ, 
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, 
Жарма ауданы

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Кеше