Руханият • 07 Тамыз, 2017

Қазақ – қашанда қазақ! (07.08.2017)

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ! (07.08.2017)

Қызық көп өмірінде қойлы ауылдың,
Өрісте қозы-лағын жайған ұлдың.
Шілдеде қой қырқымы келген кезде
Қайшымды ап ұлан-асыр тойға кірдім. 

Биязы қойдың жібек жүні қандай,
Момақан маңыраған үні қандай!
Шешініп сеңсең тонын шыға келген 
Қойымның пәк періште түрі қандай!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»