12 Қазан, 2011

Жетістіктер – сіздің бастамаларыңыздың нәтижесі

595 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына Қазақстан ұйғырлары мәдени орталығының активі мен зиялы қауым өкілдерінен хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Оған Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы Төрағасының орын­ба­сары А.Шардинов, профессор, театр сыншысы А.Қады­ров, жазушы-драматург, Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі А.Аширов, «Уйгур авази» республикалық газетінің бас редакторы Ю.Азаматов, Қа­зақ­стан ұйғырлары қауымдастығы­ның төрағасы Т.Маметова, рес­пуб­ликалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Мақсұтов, респуб­ли­калық Ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры С.Сонуров, № 153 мектеп-гимназия ди­ректоры Ш.Умаров, профессор А.Абдуллаев, профессор К.Абдуллаева қол қойған. Хатта былай делінген: «Семей ядролық полигонын жабу, елор­даны Астанаға ұлы мақсатпен көшіру, болашақ ұрпақтар үшін Ұлттық қор құру, жастарды «Болашақ» бағдарламасы бой­ынша шетелдерде оқыту, Еу­разиялық экономикалық кеңіс­тік құру идеясы, 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лығы, жоғары деңгейдегі Астана Саммиті, әлеуметтік сипат­тағы заманауи дағдарысқа қар­сы шаралар – санап тауыса алмайтын осындай жетістіктің бәрі Сіздің бастамаларыңыз. Шын мәнінде, Елбасы баста­маларының барлығы қазіргі заманғы Қазақстанның қалып­тасуында тарихи оқиғаларға ай­налды». Авторлар Президент бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді ел алдындағы басым міндет­тер­дің бірі ретінде қойып отыр­ға­нын, онсыз алға қойылған мақ­саттарға жету мүмкін еместігін атап өткен. «Сіздің бастамаңызбен құ­рыл­ған, әлемде баламасы жоқ қо­ғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің елі­міз­дің түрлі ұлт өкілдері ара­сын­дағы достықты, бейбітшілікті, ты­ныштықты  сақтау мен ны­ғай­туда зор рөл атқарды. Он екі жыл ішінде Ассамблея консультатив­тік-кеңесші органнан қуатты аза­маттық қоғамдық институтқа ай­налды», – деп атап өтілген хатта. «Біз, Қазақстан халқы, елдегі тұрақтылық пен тыныштықты, өз болашағымыз бен біздің бала­ла­ры­мыздың болашағына сенімділікті тек Сізбен ғана бай­ла­ныс­тырамыз. Біздің Отаны­мыз­дың Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғын мерекелеу қарсаңында, бізге жасаған тұрақты қамқор­лы­ғыңызға шын жүректен өз ри­зашылығымызды білдіре оты­рып, Сізге сарқылмас жігер, ұзақ өмір, Өзіңізге және туыс­тарыңызға бақыт, Қазақстан халқына гүлдену тілейміз!», делінген жеделхатта.