Аймақтар • 07 Тамыз, 2017

Алматыда зағип жандар арасында «Абай оқулары» фестивалі өтті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фестиваль қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Алматыда  зағип жандар арасында «Абай оқулары» фестивалі өтті

Байқауға биыл 30-дан астам зағип жан қатысуға ниет білдіріпті. Оның арасынан 14-і іріктеліп, келесі финалға өткен. Фестиваль «Абай шығармаларын жатқа айту, қара сөздерінен, «Абай жолы» эпопеясынан үзінді оқу, әлем тілдеріне аударылған шығармаларды оқу сияқты бірнеше тапсырмадан тұрады. Ал жеңімпаздар қалалық «Абай оқулары» шарасына жолдама алып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Бұл фестивальдің мақсаты – ұлы данышпан, ойшыл Абай Құнанбаевтың 172 жылдығына арналған шара. Сол кісінің әдеби-мәдени мұрасын, мемлекеттік тілімізді зағип оқырмандар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Келесі жылы құдай қаласа, республикалық деңгейде өткізсек пе деп отырмыз», - деді  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Ерлікбай Әлімқұлов.