Президент • 08 Тамыз, 2017

Елбасы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Елбасы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың перспективаларын талқылап, бірқатар халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Түркия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге, сондай-ақ биылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға ниетті екенін білдірді.