Қазақстан • 08 Тамыз, 2017

Астанада жол-көлік апатының саны қысқарды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол қозғалысы арасындағы жүргізушілердің тәртібін арттырып, жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында, Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада жол-көлік апатының саны қысқарды

Іс-шара өткізу барысында көлікті мас күйде жүргізіп жол ережесін бұзу, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдық жоғарылатуды, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан  өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ  көлік жүргізушісі телефонмен сөйлесу және тағы басқа-да жол ережелеріне аса назар аударылады.

Жалпы Астана қаласының ІІД жол-патрульдік полк қызметімен 72 мыннан астам ЖЖЕ бұзғандар анықталды, оның ішінде: жүргізушілермен 68 мыннан астам жол ережесін бұзғандар анықталды, яғни жылдамдықты арттырғандар 2600- дан астам, авариялық ақуал туғызғандар 160-тан астам,  қауіпсіздік белдігін пайдаланбағандар 5000-нан астам, бағдаршамның тыйым салу белгілерінен өткендер 1300-ден астам, көлік жүргізу барысында телефон желісімен сөйлесу 4700-ден астам, белгіленбеген жолдардан өтіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған жаяу жүргіншілердің саны 4000-нан астам.

Қолданылған шаралар нәтежесінде елордада ЖКО 385-тен 329-ға төмендеуі байқалады.