Қазақстан • 08 Тамыз, 2017

Елордалық полицей мен Франция елінің азаматы көпірден секіріп кеткен жас жігітті құтқарды.

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 тамыз күні сағат таңғы 7.40 шамасында Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығының бейне бақылау камераларының көмегімен Қабанбай Батыр даңғылындағы «Рамстор» маңындағы көпірдің сүйенішінде төменге секіруге бет алған жас жігіттің тұрғаны назарға ілігеді.

Елордалық полицей мен Франция елінің азаматы көпірден секіріп кеткен жас жігітті құтқарды.

Тез арада оқиға орнына Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жетеді. Алайда жас жігіт суға секіріп үлгерген. Құтқаруға алғашқы болып Астана қаласы ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полициясының лейтенанты Азамат Балтабаев кіріседі. Оның соңынан Франция елінің азаматы Жорж Киеффер көмекке келеді. Екеуі бірлесе жас жігітті судан алып шығып, алғащқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Жігіттің 1991 жылғы Шығыс-Қазақстан облысының тұрғыны екендігі анықталды. Отбасылық ұрыс-керістің салдарынан өзіне қол жұмсамақ болған.

Франциялық азамат Жорж Киеффердің полиция аға сержанты екендігі және оның Франция елшілігінің қауіпсіздік жөніндегі офицері болып қызмет ететіндігі анық болды.

Елордалық полицей Азамат Балтабаевтың адам өмірін сақтаудағы бұл әрекеті бірінші емес. Ағымдағы жылдың 2 мамырында ол «Иргиз-134» экипажының құрамында болып Сарайшық көшесі бойындағы пәтерлердің бірі түтіндеп жатқандығын байқап, ІІШ Жедел басқару орталығына шұғыл арада хабарлаған. Пәтердің алтыншы қабатында өздігінен қозғала алатын қарт жастағы әйел адамның және сегізінші қабаттағы ер адамның барын біле салысымен Азамат Балтабаев оларды далаға алып шыққан.