Қазақстан • 10 Тамыз, 2017

Бала дәрігері «қайта оралды»

970 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан біраз жыл бұрын еліміздің медициналық оқу орындары педиатр-мамандарын даярлауды тоқтатқан еді. Биылдан бастап педиатрия факультеті қайтадан ашылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Бала дәрігері «қайта оралды»

Білім және ғылым министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Айгүл Қаптағаеваның айтуынша, Үкіметтің тапсырмасымен қайта ашылған педиатр мамандарын даярлауға биыл 150 білім гранты бөлініпті. Осы грантты иелену үшін 900 адам бақ сынасқан. Конкурстан өткендер биылғы 1 қыркүйектен оқуын бастайды.

Болашақ педиатрларды әзірше тек С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті даярлайтын болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

«Егемен Қазақстан»