Қазақстан • 10 Тамыз, 2017

Астана әкімдігімен тұрғын кешендерінде 23 лифт ауыстырылады

325 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сонымен қатар Астанада аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында жолаушы лифтілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана әкімдігімен тұрғын кешендерінде 23 лифт ауыстырылады

Күз соңына дейін астаналық 4көпқабатты үйде 23 лифті ауыстырылады, деп мәлімдеді «Өркен қала» ЖШС бөлім басшысы Болат Түгелбаев.

Жаңа лифтілер келесі мекен жайлар бойынша орнатылады:

Дүкенұлы, 3 8 көшесі, («Шаңырақ» ТК, 8 лифт), Сарыарқа,41 көшесі, («Махаббат 1» ТК, «Махаббат 2» ТК, 10 лифт), Б.Момышұлы,16 көшесі (4 лифт), Кенесары, 65 көшесі, («Эдем Палас» ТК,1 лифт). Негізінен бұл үйлер жаңадан салынған, 10-15 жыл бұрын бой көтерген. Мердігерлермен арада туындаған проблемалардан кейін, сондай-ақ көптеген шағымдардың түсуіне байланысты, тұрғындар үшін қауіпті, апатты, көтермелердің жағдайы мәз болмағандықтан Астана әкімдігі лифтілерді алмастыруға көмектесті.

-Қазір құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде, келісімшарттар жасалуда. Бұл үйлерге су жаңа жеделсатылар қойылады. Жоспар бойынша қазан айына дейін жұмыстар аяқталады. Тұрғындар алдағы уақытта бұрынғыдай қызмет үшін ғана ақша төлейді, - деді Б.Түгелбаев.

Бұдан бөлек Астанада аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында жолаушылар лифтісін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылдан бері бағдарлама жүзеге асқаннан бастап 56 лифт пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда елордада көпқабатты үйлерде 4324 лифт жұмыс істейді. Олардың кейбіріне орнатылғанына 25 жыл яғни пайдалану мерзімінен асқан.

-2011 жылдан бері біз 56 лифт ауыстырдық. Қазір 63 жеделсаты бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, - деді «Өркен қала» ЖШС маманы Серік Тұямашев.

Лифтілерді жаңғырту тұрғындардың жалпы жиынының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Содан кейін барып құжаттар Астана қаласының тұрғын үй инспекцияны тапсырылады. Пәтер иелері өздері сметалық құжатты бекітеді, мердігер компанияны таңдайды, сонымен қатар жұмыстарды қабылдауға қатысады. Егер мемлекеттен 15 жылға қарыз алса, орташа есеппен бір пәтер 2 мың теңгеге жуық ақша төлейді. Мамандар бұл сома өспейтініне назар аудартады.

Естеріңізге саламыз, Астанада лифтілердің үзіліп кету жағдайлары осы жылдың көктемінде болған-ды. Мысалы, бір апат «Эдем Палас» ТК-де орын алды. Ол кезде көтеру сатысы бірнеше қабатқа төмен құлдилаған еді, адамдарды құтқарушылар алып шықты. Содан кейін Астана әкімі Әсет Исекешев қаланың барлық лифт шаруашылығын тексеруді міндеттеді, сонымен қатар тәртіпке келтіру бойынша кешенді шаралар жүргізуді жүктеді.

- Лифтілерді ауыстыру және жөндеу жұмыстары бойынша кестемен лифт реестірін жандандыру қажет. Істен шыққан 63 лифті бойынша «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында келесі механизмдер бойынша: 70 пайыз несие, 30 пайыз – лифт компаниялары мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша қаражат бөлуді қарастыру. Пайдалануға берілмей қалған 23 лифт бойынша сараптама жүргізіп, оларды орнатуға қаражат бөліу мүмкіндігін қарастыру қажет, - деді Астана әкімі жиналыста.