Қазақстан • 10 Тамыз, 2017

Ауа райы: Бес облыста дабылды ескерту жарияланды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РГП алдағы үш тәуліктің ауа райы болжамын жасап, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау сияқты бес облысқа дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райы: Бес облыста дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша алдағы үш тәулікте еліміздің оңтүстігінде найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейеді. 11-12 тамыз күндері Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ жаууы, дауыл соғуы ықтимал, батыс, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, желдің күші 23-28 м/с-қа күшеюі мүмкін. Қызылордаоблысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-қа күшейіп, шаңды дауыл соғады. Температуралық фонға және жаңбырдың жаууына байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қауіпі бар.

Еліміздің шығысы мен батысында да ауа райы құбылмалы болады. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының кей аумағында нөсер жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы да мүмкін. Жел күшейіп, 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Өскемен қаласындағы желдің күші 15-20 м/с болады. Ал Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады деп болжануда. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыс бағыттан соғып, 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18 м/с болады.