Бокс • 10 Тамыз, 2017

Фируза Шәріпова екі бірдей чемпиондық атаққа таласатын болды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпованың 26 тамызда Астанада өтетін жекпе-жегіне қандай чемпиондық атақтар тігілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Фируза Шәріпова екі бірдей чемпиондық атаққа таласатын болды

 

Бұл жекпе-жекте Шәріпова Халықаралық әйелдер боксының қауымдастығы (WIBA) және Бүкіләлемдік бокс одағының (WBU) жеңіл салмақтағы чемпиондығы үшін жұдырықтасады.

WIBA ұйымы 2000 жылы пайда болып, аз уақытта беделі артты. Лейла Али және Наталья Рагозина сияқты даңқты боксшылар осы ұйымның чемпионы болған. Ал ұйымның ерлерге арналған атақтарын Рой Джонс, Оскар Де Ла Хойя, Владимир Кличко, Джордж Форман, Шейн Мозли және Артуро Гатти сияқты бокс аңыздары иеленген. Бұл ұйымның белбеуін қазақстандық Бейбіт Шүменов те ұзақ таққан еді. Шүменов чемпиондық атағын бірнеше рет сәтті қорғаған болатын, дегенмен оны Бернард Хопинс тартып алған.

WBU - германиялық бокс қауымдастығының негізін 1995 жылы IBF өкілі Джон Робинсон құрған. Бұл ұйымды әлемдік промоутерлер мойындады. Владимир Кличконы нокаутқа түсірген Корри Сандерс осы ұйымның чемпионы болған.

Еске салайық, Фируза Шәріпова 26 тамыздағы жекпе-жегін EXPO-2017 аясында өткізеді. Бұл жолы ол өте тәжірибелі болгариялық Милена Колева.