Суреттер тарихи маңызы бар оқиғалардан сыр шертіп, әлемдегі өзге де мемлекеттер, халықтар, тайпалар мен жеке тұлғалар өмірінен шынайы ақпарат береді. Көрмені Талдықорғанға алып келген журналдың жауапты редакторы Мақсат Ясылбайұлының айтуынша, суреттердің ішінде әйгілі титаник, әйгілі ауған қыз, Меккенің 65-ші жылғы түсірілген суреті, қасиетті қағбаның суреті бар.
«Бұл туындылардың әрқайсысының артында белгілі бір оқиға жатыр. Ал әрбір оқиға белгілі бір ойды жеткізеді. Сондықтан осы суреттерге қарағанда біз тарихты қайтадан шолып өткендей әсерде боламыз», дейді басылым өкілі.
Былтыр журналдың қазақ редакциясы өңірлерде көрме ұйымдастырып қана қоймай, сол аймақтың тарихи және табиғи ескерткіштерін суретке түсіріп, алдағы уақытта басып шығаруды көздейді. Бұл бастаманың бәрі Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласындағы салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып отыр.
Көрме 1 ай бойына жалғасады.