11 Тамыз, 2017

Заманмен үндескен заң үстемдігі

308 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Кез келген адам жақсы тұрмыс кешуді қалайды. Ал әр адамның бақуатты өмір сүруі тек өзіне ғана байланысты емес. Оның ойдағыдай еркін еңбек етіп, тұрмыстың небір түйткілдерін еңсеруіне мемлекеттік құрылымдардың ықпалы зор. Ең алдымен, сол мемлекеттік салалар қызметі заң шеңберінде, адам құқының құрметтелуі аясында жүргізілсе, яғни ортақ мақсаттың, ұлттық мүдденің бірлігі мен берекесі көрінбек. Сонда ғана әр адамның еңбегі жанып, мемлекеттің де қаржысы қалыңдай түседі. Осы орайда, Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы міндеттер халқымыздың қамын қазіргі уақытта және ұзақ жылдар бойына қамдағандық болып табылады.

Заманмен үндескен заң үстемдігі

«Ұрыс бар жерде ырыс тұрмайды» дейді. Адамда үрей, қор­қу басым болса, қызметтегі ер­кін­дікке де, өнімді ең­бек­ке де қол жеткізу екіталай. Ал ты­ныш­­тық­­та, өз құқыңның бұзыл­май­тын­­ды­ғына сенім барда, алаңсыз ең­бек ету қашанда берекелі бол­мақ. Қазіргі күні бүкіл әлем бой­ын­ша адам құқына ерек­ше ма­ңыз берілуде. Ең бас­тысы, ал­­ды­мен адам құқы талапқа сай қорғала­тындай болуы керек. Сондықтан да Пре­зидент Нұр­сұлтан Назарбаев «100 нақ­­ты қадам» Ұлт жоспарында заң үстем­дігіне айрықша жол аш­ты. Онда елдегі құқық тәр­ті­бі мен заңдылық бары­сына Ұлт жоспарының екінші ре­фор­­­масы ретінде аса маңыз бе­рі­лді. Өйт­кені, бұл жолғы ре­фор­ма­ның мәні тәуелсіз сот төре­лі­гі мен Қазақстанның бүкіл құ­қық қорғау жүйесінің тек қана аза­мат­тардың құқықтары мен бос­тандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құ­­қық тәртібін нығайтуға ба­ғыт­­талуы тиіс болды. Міне, осы заң үс­темдігі арқылы ғана мем­­ле­кет­­тің барлық салалары ха­лық­қа қыз­мет етуде әділ­дік жо­лын­да  жұ­д­ырықтай жұ­мы­лып, ел мүд­де­сін асқақтата алат­ын­ды­ғына көз жетті.

Әрине, еліміз тәуелсіздіктің алғаш­қы күндерінен бастап-ақ өзін демократиялық, зайыр­лы, құ­қықтық және  әлеу­мет­тік бағыт ұста­ған мем­ле­­кет ре­тінде көрсетті. Кон­с­ти­­­ту­ция­мыз­да жазыл­ғандай,  Қа­зақ­­­­стан мемлекетінің жо­ға­­ры құн­ды­лықтары адам жә­не оның құқықтары мен бо­стан­д­ы­ғы болып табылады. Ал мем­ле­­кетіміздің басты байлығы адам болса, оның заңды құқын қор­­ғаудан артық міндет жоқ. Жо­­ға­рыда айтқанымыздай, бұл міндеттер ойдағыдай сақ­тал­са ғана құқық тәртібі мен заң­дылық жүзеге асады. Міне, бұларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында алдын ала жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен жаңа «Жо­ғары Сот Кеңесі туралы» заң қа­былданды. «Сот жүйесі жә­не судьялардың мәртебесі ту­ра­лы» Конституциялық заң­ға, Қылмыстық іс жүргізу ко­дек­сіне және Әкімшілік құ­қық бұ­зу­шылық туралы кодекске ти­істі өзгерістер енгізілді. Мұн­дай заңнамалар неліктен қа­жет бол­ды? Ең алдымен, халықтың сот­қа деген сенімін қалыптастыру және нығайту қажет еді. Аталған жаңар­тылған заңнамалар қоғам­ның сот жүйесіне деген сенімін арт­тыруға ықпал еткені қазіргі кез­де айқындалып отыр. Сол арқылы адамдар әділдік тек сотта ғана салтанат құратынына көз жет­кізді. Бұл – аталған реформа­лар­ды орындаудағы ең басты көр­сеткіш.

Ал мұның тағы бір маңызды тұсы, Ұлт жоспарында айтыл­ға­нын­дай, заңның үстемдік құ­­руы халықтың тұр­мы­сын жақсартып, экономикамызды нығайтуға өз әсерін ти­гі­­зетіні айдай анық. Еліміз­дің эко­­номикалық, әлеуметтік, мә­­­де­ни дамуына қаржы салатын инвесторларға сенімділік бе­­реді. Бұл бағытта дауларды, ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін құрыл­ған мамандандырылған сот алқасының орны бөлек. Осын­дай­да сот төрелігі барысында заң­ды үкім, әділ шешім ең бас­ты көрсеткіш болып табылады. Сон­­дықтан, кәсіби біліктілігі жо­­ғары судьялар корпусын қа­лып­­тастыру сот жүйесінің тиім­ді­­лігін арттыратын алғышарт бол­­ды. Бұл мәселе қашанда бі­­рін­­ші кезектегі маңызға ие. Осы­ғ­ан орай, Ұлт жоспарында айт­ыл­­ғандай, реформа барысында судьялыққа кандидаттарға қо­йылатын біліктілік талаптары мен іріктеу тәсілдері жаңадан қаралды. Біліктілік емтиханын тап­сыру рәсімдері күшейтілді, со­ның ішінде психологиялық тес­ті­­леудің рөлі артты, полиграфта зерт­­­теу жүйесі енгізілді. Соған сәй­­­кес Сот жюриі де өз қызметін жа­­­ңа тәртіпте жүргізуге көшті. Ал судьялық кадрларды даярлау мен олардың кәсіби деңгейін арт­­ты­­ру міндеті Жоғарғы Сот жа­­нын­­дағы Сот төрелігі академия­сы­на жүктелді. Академияны құру оқу процесі мен сот практикасын барынша үйлестіруге мүмкіндік берді.

«Ұрыс бар жерде − ырыс тұрмайды» дейді. Адамда үрей, қор­қу басым болса, қызметтегі ер­кін­дікке де, өнімді еңбекке де қол жеткізу екіталай.  Ал ты­ныш­тық­­та, өз құқыңның бұзыл­май­тын­дығына сенім барда, алаңсыз ең­бек ету қашанда берекелі бол­мақ. Қазіргі күні бүкіл әлем бой­ын­ша адам құқына ерекше ма­ңыз берілуде. Ең бастысы, ал­ды­мен адам құқы талапқа сай қорғалатындай болуы керек. Сондықтан да Президент Нұр­сұлтан Назарбаев «100 нақ­ты қадам Ұлт жоспарында заң үстемдігіне айрықша жол аш­ты. Онда елдегі құқық тәр­ті­бі мен заңдылық барысына Ұлт жоспарының екінші ре­фор­­масы ретінде аса маңыз бе­рі­лді. Өйткені, бұл жолғы ре­фор­ма­ның мәні тәуелсіз сот төре­лі­гі мен Қазақстанның бүкіл құ­қық қорғау жүйесінің тек қана аза­мат­тардың құқықтары мен бос­тандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құ­­қық тәртібін нығайтуға ба­ғыт­­талуы тиіс болды. Міне, осы заң үс­темдігі арқылы ғана мем­­ле­кет­­тің барлық салалары ха­лық­қа қыз­мет етудегі әділ­дік жо­лын­да  жұ­д­ырықтай жұ­мы­лып, ел мүд­де­сін асқақтата алат­ын­ды­ғына көз жетті.

Әрине, еліміз тәуелсіздіктің алғаш­қы күндерінен бастап-ақ өзін демократиялық, зайыр­лы, құ­қықтық және  әлеу­мет­тік бағыт ұста­ған мем­ле­­кет ре­тінде көрсетті. Кон­с­ти­­­ту­ция­мыз­да жазыл­ғандай,  Қа­зақ­­­­стан мемлекетінің жо­ға­­ры құн­ды­лықтары адам жә­не оның құқықтары мен бо­стан­д­ы­ғы болып табылады. Ал мем­ле­­кетіміздің басты байлығы адам болса, оның заңды құқын қор­­ғаудан артық міндет жоқ. Жо­­ға­рыда айтқанымыздай, бұл міндеттер ойдағыдай сақ­тал­са ғана құқық тәртібі мен заң­дылық жүзеге асады. Міне, бұларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында алдын ала жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен жаңа «Жо­ғары Сот Кеңесі туралы» Заң қа­былданды. «Сот жүйесі жә­не судьялардың мәртебесі ту­ра­лы» Конституциялық заң­ға, Қылмыстық-іс жүргізу ко­дек­сіне және Әкімшілік құ­қық бұ­зу­шылық туралы кодекске ти­істі өзгерістер енгізілді. Мұн­дай заңнамалар неліктен қа­жет бол­ды? Ең алдымен, халықтың сот­қа деген сенімін қалыптастыру және нығайту қажет еді. Аталған жаңар­тылған заңнамалар қоғам­ның сот жүйесіне деген сенімін арт­тыруға ықпал еткені қазіргі кез­де айқындалып отыр. Сол арқылы адамдар әділдік тек сотта ғана салтанат құратынына көз жет­кізді. Бұл – аталған реформа­лар­ды орындаудағы ең басты көр­сеткіш.

Ал мұның тағы бір маңызды тұсы, Ұлт жоспарында айтыл­ға­нын­дай, заңның үстемдік құ­­руы арқылы халықтың тұр­мы­сын жақсартып, экономикамызды нығайтуға өз әсерін ти­гі­­зетіні айдай анық. Еліміз­дің эко­­номикалық, әлеуметтік, мә­­­де­ни дамуына қаржы салатын инвесторларға сенімділік бе­­реді. Бұл бағытта дауларды, ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін құрыл­ған мамандандырылған сот алқасының орны бөлек. Осын­дай­да сот төрелігі барысында заң­ды үкім, әділ шешім ең бас­ты көрсеткіш болып табылады. Сон­­дықтан кәсіби біліктілігі жо­­ғары судьялар корпусын қа­лып­­тастыру сот жүйесінің тиім­ді­­лігін арттыратын алғышарт бол­­ды. Бұл мәселе қашанда бі­­рін­­ші кезектегі маңызға ие. Осы­ғ­ан орай, Ұлт жоспарында айт­ыл­­ғандай, реформа барысында судьялыққа кандидаттарға қой­ылатын біліктілік талаптары мен іріктеу тәсілдері жаңадан қаралды. Біліктілік емтихан тап­сыру рәсімдері күшейтілді, со­ның ішінде, психологиялық тес­ті­­леудің рөлі артты, полиграфта зерт­­­теу жүйесі енгізілді. Соған сәй­­­кес Сот жюриі де өз қызметін жа­­­ңа тәртіпте жүргізуге көшті. Ал судьялық кадрларды даярлау мен олардың кәсіби деңгейін арт­­ты­­ру міндеті Жоғарғы Сот жа­­нын­­дағы Сот төрелігі академия­сы­на жүктелді. Академияны құру оқу процесі мен сот практикасын барынша үйлестіруге мүмкіндік берді.

 Соттар жұмысында мұндай жо­ғары жетістіктерге жетудің өзін­­дік тың жолдары, оң бағыт­та­ры қарастырылған. Міне, соның бірі – үш сатылы сот жүйесі. Үш сатылы жүйе сот сатыларын оң­тай­ландырып, сот әділдігіне қол жеткізуді айтарлықтай же­ңіл­­детті және түпкілікті сот ше­шім­дерін қабылдау уақытын қыс­қартты. Соның нәтижесінде апе­лляциялық сатының рөлі барын­ша күшейді. Бұл – шетелдік озық тә­жі­рибеге негізделген үрдіс. Бар­лық елде апелляция соттың соң­ғы сатысы болып табылады. Демек, сөздің тоқетері – сот іс­те­рінің басым бөлігі өңірлерде қара­лып аяқталуы тиіс, яғни апел­ляциялық қаулылар өте си­рек жағдайларда ғана қайта қа­ра­луы керек.

Жалпы, еліміздің елдігін, хал­қымыздың бірлігін, ұлттар мен ұлыстардың татулығын, бей­біт өмірдің баяндылығын ай­қын­дайтын, іс жүзінде олардың жүзе­ге асуына жол ашатын сындарлы заң­дарымыздың ізгілікті саясаты екен­дігі даусыз. Осы міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік тұ­р­-
ғыдан барлық қолайлы жағдай жа­са­лып келе жатқаны да әмбеге аян. Экономикамыздың жан­да­­нуы, кәсіпкерліктің қанат жа­юы, осының нәтижесінде ха­лық­тың әл-ауқатының артуы, ал­дымен, тәртіпке, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара біл­ген бірлігімізге тікелей байла­нысты. Ал бұл орайда, яғни заң үстемдігін нығайту барысын­да тек соттардың төрелік етуі ға­на жақсарып қоймағаны рас. Сон­ың нәтижесінде құқық қор­ғау органдарының қызмет сапа­сы да арта түсті. Енді бұл ме­рей­лі жетістіктеріміздің одан әрі жалғасын таба беруі үшін заң үс­темдігі нақты өмірде түп­кі­лік­­ті орнығуы қажет.  Ол үшін заң­дарымыздың мәні мен маз­мұны, сапасы, негізгі мақсаты уа­қыт та­лабымен үндесіп, қажет­ті­лік­ке сай жауапкершілігі де арта бе­ргені жөн.

Мәселен, Ата Заңымыздағы прокуратура туралы 83-бапқа 22 жылдың ішінде алғаш рет өзгеріс енгізілгені туралы жаңа заң қа­был­данды. Бұлардың барлығы адам­­дардың құқықтары мен бос­­тандықтарын, қоғам мен кәсіп­­керліктің, мемлекеттің мүд­десін қорғаудағы жұмыс­тарды кү­шейтуге бағытталған. Енді ал­дағы кезеңде де Конституцияда бе­кітілгендей, мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүргізу міндеті сапалы атқарылып, іс жүргізетін прокурорлардың рө­лін арттыру арқылы  олардың бас­ты назары қылмыстық процес­ке ба­ғытталады. Қылмыстық, әкім­ші­лік іс ақпараттық жүйе­ле­рі мен «Заңдылық» атты ақпа­рат­­тық-талдамалық жүйелерді одан әрі қолданысқа енгізу жал­ғас­тырыла бермек. Олар несімен ти­імді? Бұл жүйелер барлық істер бой­­ынша өндірістің сапасын арт­ты­рады, қажетсіз құжат айналымын азайтады, іс материалдарын бұрмалауға жол бермейді, әр сатыда уақыт үнемделеді, сондай-ақ,  істі жүргізу сатысы мен сотқа жөнелту кезінде де процестік кемшілікке жол берілмейді.

Ал азаматтардың өтініштерін қарау барысында жаңа әдістерді, оның ішінде өңірлерде Құқыққорғау қызметтері орта­лық­тарын ашу­ды жүзеге асыру үшін және аза­маттардың өтініштерін қарау жұмысын жаңа әрі сапалы дең­гей­ге көтеру үшін прокуратура­лар­да қабылдау орталықтары ашы­лып, онда бір топ кәсіби ма­мандар (прокурор, адвокат, медиатор, нотариус, психолог, пробация қызметі мен әкімдік өкіл­дері) тегін әрі көп­салалы құ­қы­қтық көмек көр­сететін болады. Бұл «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарынан 100-қадамынан бастау алып,  құ­­­қы­қтық қызмет көрсетуді бір жер­де шоғырландыруды көз­дей­ді.

Бұдан бөлек, Ұлт жоспарын­да аталғанындай, барлық құқыққор­ғау органдарының және бә­рінен бұрын, полицияның адам­дардың заңды мүддесін қор­ғау мен құқықтық тәртіпті ны­ғай­ту жолында адал қызмет ету­ге қол жеткізуі жүзеге асы­ры­лып келеді. Бұл үшін жер­гі­лікті билік органдары мен жер­гі­лік­ті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті полиция қыз­меті құрылып, бүгінде ти­­істі жұмыстар атқарып жатыр. Сон­дай-ақ, 28-қадамда көр­­се­тіл­гендей, полиция қыз­мет­кер­лерін іскерлік қабі­лет­те­рі не­гі­зінде іріктеу жүйесін жақ­сарту, кәсіби дағдыларын жә­не жеке тұлғалық қасиеттерін тек­серу үшін іс басындағы поли­ция қызметкерлерін және қыз­мет­керлікке кандидаттарды тес­тілеудің арнайы жүйесі ен­гі­зіл­ді.

Іріктеу жүйесін жақсартуға бағыт­талған «Құқыққорғау қыз­меті туралы» Заңға енгізілген өз­­ге­рістер мен толықтыруларға бай­­ланысты құқыққорғау орган­да­­рының білім беру ұйымдарына оқу­ға түсетін адамдарды қоспа­ған­да, құқыққорғау органдарына қабылданатын кандидаттар үшін бәсекелестікке қабілетті көр­сет­кіш­терді және олардың кәсіби бі­лім дәрежесін ескере отырып, лайықты қызметкерлерді анық­тау мақсатында үш сатылы іріктеу қамтамасыз етілді. 29-қа­дам­ға сәйкес, құқыққорғау ор­ган­­дарының қызметкерлерін мем­­лекеттік қызмет жүйесіне қо­­су әрі әрбір құқыққорғау қыз­ме­­ті­нің ведомстволық ерек­ше­лік­те­­ріне қарай бірыңғай қызмет ету ере­жесін енгізуге байланысты «Құ­қыққорғау қызметі туралы» жә­не «Мемлекеттік қызмет тур­а­лы» заңдардың өзгерістеріне бай­ланысты құқық қорғау ор­ган­дарының қызметкерлері мем­лекеттік қызметтің бірыңғай жүйе­сіне енгізілді.

Осылайша, заң үстемдігін арттыру арқылы барлық саланың құ­қық­тық жауапкершілігін күшей­ту жолға қойылды. Бұл  әр мекеме, ұйымдарға заң талабына сай өз міндеттерін ойдағыдай орындай алуына кепілдік берілген де­генді білдіреді.  Өйткені, осы заң үстемдігінің салтанат құруын көз­дейтін сот жүйесі мен  құқыққор­ғау органдары Конституцияға, ко­дек­стерге, өзге де заңдарға енгі­зілген өзгерістер мен түрлі ре­­фор­малардың арқауы арқылы бар­­лық салалардың тиімді жұ­мыс жүргізуін жүзеге асыруға құ­­қық­тық сенім береді. Міне, бұл елі­­мізде құқықтық мемлекеттің ор­н­ық­тырылу барысы – біртұтас жаң­ғырту үдерісі арқылы ше­шіліп жатқан конституциялық міндет болып табылады. Демек, Ел­басы сөзімен айтқанда, осы іс­терді жүзеге асыру арқылы қаз­ақ­стандықтардың, сондай-ақ, ше­тел инвесторларының ұлт­тық сот және құқық қорғау жүйе­сі­не сенімін арттырып, тұтастай алғанда, еліміздегі бизнес ахуалды жақсартады.

Александр ТАСБОЛАТ,
«Егемен Қазақстан»