Парламент • 11 Тамыз, 2017

Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Федералдық Жиналысындағы Қазақстан – Швейцария достық тобының тең төрағасы Филиппо Ломбардиді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Төраға Қазақстан Швей­царияны Еуропадағы маңызды әріптес ретінде қарастыратынын, елдеріміз арасында сындарлы саяси үнқатысу қалыптасқанын атап өтті. Төрағаның пікірінше, Пре­зи­дент Н.Назарбаевтың Швейцария басшы­сымен алдағы келіссөздерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықты өрісте­туде маңызы зор.

Тараптар парламентаралық ынты­мақ­тастықты тереңдетудің келешегін талқы­лады. Қ.Тоқаев Ф.Ломбардиді Сенат сайлауының нәтижелерімен таныстырып, оның барысында Парламенттің жоғарғы Палатасына 16 депутат сайланғаны айтылды. Сайлауды байқауға халықаралық және отандық 518 байқаушы, еліміздегі және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 244 өкілі қатысты.

Кездесуге қатысушылар халық­ара­лық күн тәртібін, сауда-эконо­ми­калық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сенат Төрағасы Орталық Азиядағы суға қатысты жобаларды қолдағаны үшін Швейцарияға ризашылығын біл­дірді. Осыған байланысты Қ.Тоқаев ЭКСПО халықаралық көрмесі аясын­да су ресурстары жөніндегі бірлесіп ұйым­дастырылған аймақтық конференцияның маңыздылығына тоқталды. «Шара Орта­лық Азиядағы су ресурстары жөніндегі үнқатысуларды институттандыру мүмкіндіктерін зерделеу үшін ерекше алаң болды», – деп атап өтті Сенат басшысы.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Швей­цария аймақтарының ынтымақтас­тығын дамытудың келешегі де тал­қыланды. Алматы облысы мен Тичино кантоны арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум екі мемлекет арасында достық қатынастарды дамыту үшін оң ықпал етеді.