Ауа райы • 27 Сәуір, 2024

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 27 сәуір күнгі ауа райы болжамы жарияланды

218 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер ертең, 27 сәуірде елдің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 27 сәуір күнгі ауа райы болжамы жарияланды

Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта екпіні 23-28 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 27 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Шымкентте найзағай ойнап, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 23 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, дауыл күтіледі соғады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа жетеді.