Қазақстан • 11 Тамыз, 2017

Жарқын жобалар

266 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жеткен жетістіктерімізді одан сайын еселей түсуге бағытталған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында аса маңызды тың идеялар мен нақты бастамалар ұсынылған болатын. Ерекше маңызды да сан-қырлы ұсыныстар, айқын міндеттер қазіргідей жаһандық дағдарысты еңсерудің жолдарын қарастырып, жүзеге асыруға бағыттан, экономика мен қоғамның жаңғыруының жаңа кезеңіне бастау болды. Бұл маңызды құжат, ең алдымен, ұлттық экономиканы көтеруге, халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етуде.

Жарқын жобалар

Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы − еліміздің эконо­микалық д­а­муының инновациялық өзе­гі­не айналып, бәсекеге қабілетін арт­тыра түседі. Еліміз цифрлы тех­­нологияларға негізделген бо­лашағы зор бағыттарға ай­рық­­ша мән беретін елге айна­ла­ды. Жолдауда Елбасы Қазақ­стан­ның 2050 жылы озық 30 елдің қа­та­рынан көріну мақсатына же­ту­і­нің тың жолдарын, қан­дай өзгерістерге ерекше мән беру керек екенін нақты бел­гі­леп берді. Маңызды құжат не­гі­зінде туындаған міндеттерді жү­­зе­ге асыруда жоғары оқу орын­­дарының да атқарар рөлі зор. Әсіресе, заман талабына сай мамандарды даярлау бағы­тын­­да. Экономиканы әрі қарай дамыту тек экономика салаларын әртараптандырумен шек­тел­­мей, оларды цифрлы тех­но­логияны қолдана отырып, да­мыту міндеті уақыт талабынан туындап отыр. Жолдаудағы бірін­ші басымдықта Индустрия 4.0 элементтерін жаппай енгізу ар­қылы экономиканы дамыту ең­бек өнімділігінің артуына мүм­кіндік беретіні көрсетілді. Төр­тінші өнеркәсіптік революция немесе «Индустрия 4.0» дегеніміз – қарапайым тілмен айт­­қанда, өндірістегі бұрын адам қолымен атқарылып келе жа­т­қан көптеген қызметтерді ро­бот­тарға алмастыру, авто­мат­тан­дыру. Өнеркәсіптік рево­лю­ция­ның жаңа сатысының эле­мент­терін өндіріс салаларына ен­гізу әлемдік нарыққа отандық бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілетті өнім­д­ер көбейсе, кәсіпкерлердің сыр­тқы нарықтарда өз өнімдерін са­тып, табысқа кенелуіне жол ашы­ла­тыны анық. Сол себепті, Жол­дауда экспорт саясатын дамыту, шетелден инвестиция тарту мәселесі қатар қарастырылды. Осы орайда, биылғы жылдың алты айында Оңтүстік Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі 180,6 млрд теңгені құ­рап, өткен жылдың тиісті кезе­ңі­мен салыстырғанда 133,0%-ға өс­кенін айта кетелік. Ин­дус­триялық-инновациялық да­му бағ­дарламасы бойынша кәсіп­кер­­лікті қолдау картасы аясында оң­түс­тікте жалпы құны 208 млрд тең­ге болатын 162 жоба іске қо­сылды. Бұл өз кезегінде 9,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүм­кіндік берді. Бұдан бөлек, өңір­де биылғы жылы 37,1 млрд тең­генi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделіп отыр.

Жолдауда айтылған басым­дық­тың әрқайсысы ең­бек на­ры­ғын дамытумен байла­ныс­ты­рыл­ған. Мысалы, эконо­миканы тех­нологиялық жаңғырту аясында «еңбек нарығын жаңғырту» міндеті алға қойылды. Төртінші өнер­кәсіптік революция эле­мент­терінің өндіріске жаппай енгі­зіліп, жұмыс орындарын жа­ңа заман талабына сай дамыту салдарынан азаматтардың жұ­мыс­сыз қалмауы үшін алдын ала нақты шаралар атқарылуы ти­іс. Жаңа өнеркәсіптік револю­ция эле­менттерін енгізу жаңа ма­ман­дықтарды талап етері сөз­сіз. Бұл жұмысшылардың жа­ңа талаптарға бейімделуін қажет етеді. Сондықтан Жолдауда ең­бек нарығына кадр дайындайтын бі­лім беру саласының да жаңаша да­муы керектігі адами капиталды дамыту жөніндегі төртінші ба­сымдықта айтылды. Бизнес са­лаларының дамуына жағдай жа­сауға арналған шаралар да қо­­сымша жұмыс орындарының ашы­­луына мүмкіндік берері анық. Биылғы жылдан бас­тап, жү­зеге аса бастаған «Нәти­же­лі жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамыту бағ­дар­ламасы» жалпы ша­ра­лар­дың саннан сапаға көшкенін, сапалы жұмыс орындарын ашуға бағытталғанын аңғартады. Бұл орайда, «Өрлеу» жобасы кә­сіп­­керлікті дамытуға, жаңа жұ­мыс орындарының ашылуына оң септігін тигізуде. Мысалы, Оң­түстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жу­ық адам «Өрлеу» жобасы ая­сында мемлекет қолдауына ие болды. Мемлекет жұмыспен қам­ту орталықтары арқылы тұр­ғындардың жеке іс ашуына, оқу мен жұмысқа орналасуы­на мүмкіндік жасап келеді.

Жал­­пы, Оңтүстікте нәтижелі жұ­­мыс­пен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­­дар­ламасы шеңберінде 2017 жы­­лы 64314 адамды қамту жос­пар­ланып, 11,4 млрд теңге бө­лін­ген, бүгінгі таңда 49,6 мың адам қамтылған. Сондай-ақ, өңі­ріміздегі аграрлық сектор­ды дамытып, экспорттық өнім көлемін арттыру міндеті жүк­те­ліп отыр. Осы орайда, облыс­та­ғы ірі каналдар қалпына кел­ті­рі­ліп, суармалы жерлердің кө­ле­мін 900 мың гектарға жеткізу көз­делуде. Яғни, 2025 жылға об­лыстың жалпы өңірлік өнім кө­леміндегі үлесі 9 пайыздан 15 пай­ызға ұлғаймақ.

Ал төртінші басымдық ре­тін­де аталған «Адами капитал сапасын жақсарту» тарма­ғын­да «Ең алдымен, білім бе­ру жүйесінің рөлі өзгеруге ти­іс. Біздің міндетіміз − білім бе­ру­ді экономикалық өсудің жа­­ңа моделінің орталық бу­ыны­­на айналдыру. Оқыту бағ­дар­ламаларын сыни ойлау қабі­летін және өз бетімен із­дену дағдыларын дамытуға ба­ғыт­тау қажет. Сонымен бір­ге, IT-білімді, қаржылық сауат­ты­лық­ты қалыптастыруға, ұлт­жан­дылықты дамытуға баса кө­ңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мек­теп­тері арасындағы білім беру са­пасының алшақтығын азайту қажет» деген Мемлекет басшысы үштілді білім беру туралы да айтып өтті. Үштілді білім беруді дамыту мақсатында М.Әуезов атын­дағы ОҚМУ-да бірқатар тың бастамалар жүзеге асырылып келеді. Мысалы, жоғары оқу орындары арасындағы келісімшарт бойынша Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Германия, Ис­пания ел­дерінен тіл үйретуге про­фес­сор-оқытушылар ша­қы­­ры­ла­­ды. Кафедраның студент­те­рі академиялық ұтқыр­лық ба­ғ­дарламасы аясында Ұлы­бри­тания, АҚШ, Германия, Ис­пания, Польша, Латвия, Ру­мы­ния мемлекеттерінде білім алып жатыр. Біздің студенттер де бірнеше тілдерді: өз ана тілін, өзара қарым-қатынас тілі орыс тілін, ағылшын, неміс, қы­тай тілдерін игерген және сол тілдерде еркін сөйлейді.

Оңтүстікте және универ­си­те­тімізде өтетін халықаралық кез­десулер, конференцияларда кафедраның оқытушылары мен студенттері аудармашы міндетін атқарып жүр. Сондай-ақ, университет Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысы әдістемелік кабинетімен» бір­лесе «Оқу барысындағы үш­тілді оқыту интеграциясы» тақырыбында іс-шаралар өт­кіз­ді. Соның бірінде үштілді оқы­ту барысында кіріктірілген са­бақ­тарды өтуде инновациялық әдіс­тердің тиімді жолдарын қа­рас­тыру және студенттерге көптілде сөйлей алатын тіл­дік құзыреттілік біліктілігін қа­лып­тас­тыру мақсат етілді. Семинар барысында үштілді білім беруді дамытуға арналған баяндамалар оқылып, шебер-сынып өткізіліп, қызу талқылау жұмыстары ат­қа­рыл­ды. Оқу орнында ағыл­шын ті­лінде оқытылатын бар­лық пән­дер толықтай оқу-әдіс­те­ме­лік құралдарымен қам­та­ма­сыз етілген.

Жалпы, әлемдік білім на­ры­ғында бәсекеге қабілетті екен­дігін жыл сайын дәлелдеп ке­ле жатқан университетімізде 86 мамандық бойынша ма­ман­­дар дайындалады. Би­ыл осы мамандықтар бойын­ша 4000-ға жуық студент дип­лом алды. Оның ішінде 580 тү­лек қызыл дипломмен бітірді. Ауылдық квота бойынша 83 студент бітіріп, ауылдық жер­­ге жолдама алды. Оқып жү­­ріп, кәсіпорындармен ке­лі­сімшартқа тұрғандар да бар. Мы­салы, биылғы «Жас ма­ман-2017» жәрмеңкесіне қа­тыс­қандардың ішінде 30 бітіруші осын­дай келісімшартқа қол жет­кізді. Қазатомөнеркәсіп 30 ма­ман қабылдайтындықтарын ай­тып, хат жіберді. Оқу орнын бітірушілердің жыл сайын 83-85%-ы жұмысқа орнала­сады.

Елбасының сындарлы сая­­сатының арқасында білім са­ласы жылдан жылға жақсы нә­ти­желерге қол жеткізуде. Деген­мен, қазіргі заманғы бәсе­кеге қабілетті білімді ұрпақ қалып­тас­тыру − басты талап. Алған бі­лімі мен біліктілігі негізінде бү­гінгі өзгермелі өмірді еркін бағ­дар­лай алатын, өзін-өзі дамы­тып, өз бетінше дұрыс, жауапты ше­шім қабылдай білетін тұл­ға­ны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе.

Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі

ШЫМКЕНТ