Ауданның 13 округін аралап, адамдардың бір-біріне қамқорлығын, қол ұшын созуын жастар өздерінің бағдарламаларында анық, айқын көрсетті. Нәтижесінде, 13 округте өткен қайырымдылық шарасында 700 мың теңгедей қаражат жиналып, ол қаражат қайырымдылық кешінің әр округтердегі кейіпкерлеріне табысталды.
Міне, осындай істің басында болған жастар ресурстық орталығының кеңесші мамандары Дәурен Батырғалиев, Аман Қабошев, Аян Каримоллин, Ару Мұстажапова, Нұрсұлтан Бекманов, Жәдігер Мұқашев, Әлімжан Шангереев, Салтанат Басерова, Ерхат Бекмолдин, Қайрат Науханов, Нұрлыбай Ердосбай өздерінің жаңалыққа құмар бастамаларын көрсетумен қатар, бойларындағы таланттарын да паш етті. Ал осы аға-апаларымен бірге өнерін көрсеткен мектеп оқушысы Асылжан Хайредденов мүмкіндігі шектеулі құрдастарына кішкентай жүрегімен жылу сыйлағанын көрген жұртшылық көздеріне еріксіз жас алды...
Әсем БОЛАТ
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы