Жекпе-жек • 11 Тамыз, 2017

Нұрзат Сәлімбаев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

28 реткөрсетілді

Чилидің Сантьяго қаласында  кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Нұрзат Сәлімбаев (60 кг) вице чемпион атанды.  Финалда Казбек Нагушевке (Ресей) есе жіберген Нұрзат ел қоржынына алғашқы медалді салды.

Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде Алижандро Ретималды (Чили), екінші айналымда Курбонали Базаровты (Тәжікстан), 1/8 финалда Томас Коузо Аспитианы (Аргентина) иппонмен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда моңғол дзюдошысы Нармандах Баянмухты иппонмен жеңіп, финалға  шыққан болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Чилиде кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жылдың ең маңызды додасына 64 елден 428 дзюдошы қатысып, бақтарын сынауда. Әлем чемпионаты ағымдағы жылдың 13 тамызына дейін жалғасады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар