11 Тамыз, 2017

ШҚО әкімі дала амазонкаларының қорымында болып қайтты

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда облыс бюджетінен екінші жыл қатарынан «ШҚО археологиясы» бағдарламасы жүзеге асуда. Бүгінге дейін осы бағдарлама аясында бес археологияқ нысан зерттелді. Бұлардың бәрі – еліміздің көне тарихында орны елеулі орындар. Соның арқасында облыстық өлкетану мұражайы үш мыңнан астам жәдігермен толықты.

ШҚО әкімі дала амазонкаларының қорымында болып қайтты

Өңірдегі киелі орындардың бірі – Берелдегі  Патшалар жазығы. Мамыр айында профессор Зейнолла Самашев С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың  тарих факультеті студенттерімен бірге №5 қорымды қазып бастаған болатын. Мұнда ақсүйек әйелдің жерленгені белгілі болып отыр. Мүрдемен бірге жеткен алтын әшекейлер, қымбат тонның қиқымдары, сәукеле бөліктері, қанжар мен белдік қабір иесінің жауынгер болғанын көрсетеді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов қорымның басында болып, Зейнолла Самашевпен бірге қабірге түсіп, табылған әшекейлердегі жануарлардың кескінін көзбен көрді.

«Бұл киелі орын. Осы аумақтың табиғаты да адамды тамсандырып, шабыт сыйлайды. Патшалар жазығы аталуы да тегін емес. Көрген дүниелер мақтаныш сезімін оятады. Бұған дейін біздің бабаларымызды көшіп-қонудан басқаны білмеген халық деп келді. Ал табылған жәдігерлер бұл жерде алтынды асқан ептілікпен өңдейтін озық технология болғанын аңғартады. Мұндай туындыларды дүниеге әкелу үшін кент немесе өндірістік орталық қажет. Яғни, қазақ даласында осындай орындар  болған. Археологтарға соны табу қажет», дейді Даниал Ахметов.

Берел қорымынан табылған жәдігерлердің тарихи мән-маңызы жөніндегі толық мәліметті Зейнолла Самашев қыркүйек айының басында Өскемен қаласында өтетін халықаралық конференцияда жариялайды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Семей

Соңғы жаңалықтар