Аймақтар • 13 Тамыз, 2017

Алматы қаласынан 139 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 13 тамызда 09 сағат 12 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Алматы қаласынан 139 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 139 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы 9.7.  Магнитудасы MPV 4.2. Бағыты 42.12° с.е. 76.05°ш.б. Тереңдігі 5 км. МSК-64 бағаны бойынша зілзаланың сезілуі туралы ақпарат жоқ.