Қазақстан • 14 Тамыз, 2017

Қазақстандық жеткіншектер Владивостоктағы халықаралық балалар лагерінде демалды

598 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Владивостокта «Океан» ББО-нда «Росатом Мектебі» Халықаралық балалар лагерінің ауысымы аяқталып, осындағы әлемнің 8 елінен келген 126 баланың ішінде 12 бала Қазақстанның тумасы.

Қазақстандық жеткіншектер Владивостоктағы халықаралық балалар лагерінде демалды

Лагерь бағдарламасы қызықты әрі мазмұнды болған. Ауысым қатысушыларына арналған көптеген шеберлік сабақтар өткізіліп, мұнда әркім мектеп қабырғасында оқытылмайтын дүниелерді танып білді. Ал көптілді ауысымның өзара әрекеттесуін тиімді ету үшін бірінші күннен бастап және демалыс барысында Қазақстан және Беларусьтың ұлттық ойындарын белсенді зерттеу, Түркия мен Въетнамның би ырғақтарының тілін меңгеру, Индонезия мен Бангладеш ұлттық киімдерінің нышандарын ұғыну, Арменияның баурап әкететін әуезді әндерін тыңдау мен Ресейдің ұлттық тағамдарының ерекше дәмін тату арқылы қалыптасқан әмбебап метатілдің көмегі зор болды. Әртүрлі пішінде өткен іс-шаралар балаларға өз ұлттық мәдениетін өзге елдердің мәдениеті арқылы түсінуге мүмкіндік берді.

«Росатом Мектебі» Халықаралық балалар лагерінің ауысымын ұйымдастыру және өткізу күрделі әрі қызықты іс. Жазғы демалысты ұйымдастырудың - балалар лагері секілді түрі әлемнің әр елінде бола бермейді.  Әдеттегідей бұл жаһандық тілді меңгеру мен бірнеше пәндік мәселені шешуге арналған жиналыс орны. Ауысым қатысушыларының айтуынша, ресейлік халықаралық лагерь бұрын көрген лагерьлерден қатты ерекшеленеді. Айналысатын ісіңді таңдау мүмкіндігі, әртүрлі тілдерде сөйлесу, шығармашылық және зияткерлік өнімдерді жасау, мәдени мәнмәтіндермен жұмыс істеу, жайлы және көңілді орта – осының бәрі «Росатом Мектебі» Халықаралық балалар лагерін ерекшелендіре түседі. Халықаралық қоғам жобаның дамуын қолдайды деп үміттенеміз», - деді «Росатом Мектебі» жобасының жетекшісі Наталья Шурочкова.

«Росатом Мектебі» жобасы әр балаға өзін кәсіби дипломат ретінде сезінуге жағдай туғызды. Балалар әртүрлі дипломатиялық тактикаларды сынап көріп, мемлекеттерді құрып, одақтастарын тауып, шыдамдылық пен тапқырлықты таныта білді. Өзіндік таңдау жасау барысында балалар халықаралық ынтымақтастықты құрудың қиыншылықтарын сезіп қана қоймай, осындай диалогтың орын алу мүмкіндігін ұғынды. Владивостоктағы Бангладеш Халық Республикасының Құрметті консулы Александр Зубко Халықаралық ауысымның қатысушыларымен кездесті. Александр Зубко өз сөзінде «Росатом Мектебі» жобасы арқасында зор болашаққа кішкентай қадам жасалғанын атап өтті.

Әрбір шеберханада ересек модераторлар балалармен елестетілген түйткілді жағдайда дербес немесе ортақ жобаны жүзеге асыра отырып, зияткерлік дағдыларды және әмбебап құзыреттерді дамытутың көзі ретінде орыс және басқа тілдерді үйренуге қызығушылықты тудырып отырған. Нәтижесінде әртүрлі тілдерде сөйлейтін балалар вербалды және вербалды емес байланыс құралдары арқасында бірін-бірі түсінуді үйреніп, түйісу нүктелері мен серіктестік қарым-қатынас құру жолдарын тапты. Ортақ әрекеттестіктің ең қызықты мысалы – «Росатом Мектебі: болашақты бірге жобалаймыз!» кеңістігі. Алуан түрлі инсталляциялар аясында ауысым мүшелері бір-бірінің идеяларын сезіп, суырып салма перформанстарын ұйымдастырып отырған.

Қорытынды ретінде әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өткізілді. Ауысымның барлық қатысушыларына «Росатом Мектебі» жобасының атынан «Росатом» Мемкорпорациясы және Россотрудничество рәміздері бейнеленген сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталды. Ауысым қтысушылары жердің түпкір-түпкіріне тарап, өздерімен бірге тамаша әсер мен естеліктерді ала кетті. Қозғалыс, шығармашылық, таңқалу мен қабылдау – бұл «Росатом Мектебі» Халықаралық балалар лагерінің ауысымы басынан өткерген жарқын және ерекше оқиғасының негізгі тұстары.

Қазақстанның балалары риза болып қайтты.

«Орыстың нан және тұзбен қарсы алу салты, робототехника үйірмесі, сондай-ақ сазбен жұмыс істеу мен сурет салу үйірмелері ерекше ұнады. Спорттық және зияткерлік ойындар көп болды. Мен «Жас дипломат – РОСАТОМ мектебі» ауысымына түстім, сонда біз бес күн бойына бүкіл отрядпен мемлекетімізді құрғанбыз», - дейді Саша Ермилов.

«Мен үшін «Океан» ББО – бұл достық, бейбітшілік және өзін-өзі тану мекені. Мұнда әртүрлі концерттерде өнер көрсетуге, бірнәрселерді ұтып алуға, ең бастысы, бұның бәрінен қуанышты сезінуге болады. Маған «Океан» ББО өте ұнады, осында тағы да келгім келеді», - деді Айым Тастамбекова.

Ауысым аяқталғанымен, оның қатысушылары бастарынан өткен қызықты оқиғалар, оқыс жаңалықтар мен жаңа армандарын ұмыта алмайтыны анық!