Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында ағылшын тілінде білім алатын эксперименттік сыныптардың ашылатынын хабарлаған еді. Білім басқармасының хабарлауынша, Астанада ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер тапшылығы байқалмайды. Өткен оқу жылында 280 маман курстардан өтті. Осы жылы тағы 290 маманды даярлау жоспарланып отыр. Сонымен қатар елордалық білім басқармасы берген деректерге сәйкес, 2016-2017 оқу жылында Астана мектептерінде 76 257 бала — қазақ тілінде, 53 603 бала — орыс тілінде және 682 бала — ағылшын тілінде оқытылған.