Ат спорты • 15 Тамыз, 2017

Шөгеннен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

159 рет көрсетілді

Тамыздың 11-і мен 13-і аралығында Алматы облысының Талғар ауданындағы ат спорты кешенінде өткен шөгеннен ІІ Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған ел біріншілігінде алты команда бақ сынады. Олар: Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерациясының командасы, Ақмола облысы шөген федерациясының командасы, Аққия шөген клубы, Әулиеата шөген клубы, «Astana polo club» пен «Almaty polo club»командалары.

Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған жарыста үшінші орын үшін таласта Әулиеата шөген клубы мен Ақмола облысы шөген федерациясының командалары өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен кездесуде 2:1 есебімен былтырғы чемпиондар Әулиеата шөген клубы жеңіске жетті. 

Ал шешуші сында «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары чемпиондық атаққа таласты. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қос командада жиналғандардың делебесін қоздырды. Қорытынды есеп 6:4. «Astana polo club» командасының пайдасына шешілді.

Сондай-ақ чемпионаттың «үздік ойыншы» номинациясына «Almaty polo club» командасының капитаны Қуаныш Мұсабековке бұйырды. Ал, «үздік поло пони» болып «Маусым» атты сәйгүлік танылды. Тиісінше Аққия шөген клубы 5 орынға ие болса, Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерацисының командасы 6 орыннан көрінді. 

Жүлде қоры: 2 миллион теңге

І орын – 1 миллион

ІІ орын – 600 мың

ІІІ орын – 400 мың

Соңғы жаңалықтар

Тозақтан өтсе де түңілмеген

Руханият • Бүгін, 18:00

Радист қазақ қыздары

Тарих • Бүгін, 17:10

Қарсы барлаушылар қаһармандығы

Руханият • Бүгін, 15:50

Ескерусіз кеткен есіл ер

Таным • Бүгін, 12:50

Майдангердің өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 10:55

Ржев шайқасының қаһарманы

Тарих • Бүгін, 10:30

Тұрлауы қиын тағдырлар

Тарих • Бүгін, 09:30

Ардагерлер азайып бара жатыр...

Қазақстан • 07 Мамыр, 2021

Елбасы және Қазақстан армиясы

Елбасы • 07 Мамыр, 2021

Бублик Карцевті қапы қалдырды

Теннис • 07 Мамыр, 2021

Ұқсас жаңалықтар