14 Қазан, 2011

Сенаттың бюро отырысы болды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды. Онда Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары комитеттер мен Сенат Аппаратына берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органдар құзіреттерінің аражігін ашу және бюджет процестерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет тура­лы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттер туралы» заң жобалары Қаржы және бюджет комитетіне берілді. Сондай-ақ, бюро отырысында биылғы 20 қа­занда болатын Сенаттың кезекті жалпы отыры­сы­ның күн тәртібі қаралды. Атап айтқанда, оты­рыс­та «2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының ко­мис­сиясы туралы  шартқа өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарау жоспарланып отыр. Депутаттар талқылауына «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да ұсынылады.