Қазақстан • 18 Тамыз, 2017

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып Орман Кәрімұлы Нұрбаев тағайындалды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

О. Нұрбаев Красноярск ӘШҚҚ радиоэлектроника жоғарғы командалық училищесін инженер мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғарғы мектебін халықаралық қатынастар саласында тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, сонымен қатар шетелдердегі бірқатар қазақстандық мекемелерде қызмет еткен.

Осы күнге дейін Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.