Астана жұмыссыздық деңгейі бойынша республикада ең төменгі көрсеткішпен көш бастап тұр. 1 тамызға дейінгі жағдай бойынша 10 мың жаңа жұмыс орны ашылған, олардың қатарында шағын және орта бизнес те бар.
– Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына 4 012 тұрғын жұмысқа орналастыру өтінішімен келді. Олардың 2409-ы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаумен қамтылды. Жұмыс берушілер арасында қонақ үй мамандықтары бойынша сұраныс өскен, бұл – аспаз, қонақ үй бизнесінің менеджері, гид-аудармашылар, қызмет көрсетушілер. Мысалы, біздің орталық арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы жаңа «Hilton» қонақ үйіне 100 адам жұмысқа тұрды, – деп хабарлады Астана әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Аяжан Айтжанова.
Ресми мәліметтерге сәйкес, аталған департамент статистикасы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5% құраған (жылдық жоспар бойынша 4,7%).