15 Қазан, 2011

Машина жасау саласын жетілдіру жолында

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламентте Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаевтың төрағалығымен «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» заңды тұлғаларының Бірлескен басқарма отырысы болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Басқосуда машина жасау сала­сы­ның бүгінгі жағдайы мен келешегі жайлы мәселелер қарал­ды. Бас­қарма отырысының қоры­тын­дысы бойынша индустрия­лық-ин­но­вациялық дамуын қа­лыптас­ты­ру­дың Мемлекеттік бағ­дар­ла­масын жүзеге асыру шең­берінде машина жасау саласын жетілдіруге қатыс­ты шешімдер қабыл­данды. Сондай-ақ, отырыста одақ бас­қар­­масы мүшелерінің құрамы бекітілді.