Қазақстан • 23 Тамыз, 2017

Қауіпсіздік қадамдары

958 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қазақстан қауіпсіздік, қару­сыз­дану жүйелерін құру үдері­сін­де халықаралық және аймақ­тық ынтымақтасудың бар­лық деңгейінде мақсатты жә­не белсенді түрде қатысуда. Қазақ­станның сыртқы саясат және қ­ауіп­сіздік мәселелері жөніндегі мүд­делерінде анық және нақты тү­сінік бар.

Қауіпсіздік қадамдары

Қазақстан БҰҰ-ға тек әлем­дік қоғам­дастықтың жаңа мү­ше­сі ретінде ғана емес, ха­лық­ара­лық қатынастардың өзекті мә­­селелері бойынша белсенді ұс­­танымы танылған, ядролық қа­­русыздану үшін қозғалыстың ал­­дыңғы қатарында тұрған мем­лекет ретінде кірді. БҰҰ жұ­­­мысына қатысу кезінде Қа­зақ­­­стан халықаралық қоғам­дас­­тыққа табысты түрде интег­ра­цияланып қана қоймай, лай­ықты орынға ие бола алды.  

БҰҰ-да Қазақстанның қару­сыз­дану және ядролық қаруды таратпау сала­сындағы белсенді рөлі әрі біздің мем­лекеттің осы са­ладағы барлық қол қойған ха­лықаралық келісімдерін ұс­танатындығы мойындалған. БҰҰ-ның мінберінен біздің мем­лекеттің көптеген халық­ара­лық бас­тамалары ұсы­ны­лып, қазіргі таңда олар табыс­ты түрде жүзеге асырылуда. Х­а­­­лық­а­ралық қауымдастық Қа­­­зақ­станның ядросыз таң­дау­­ын жоғары бағалап, құр­мет­­тейді. Қазақстанның ядро­лық сынақтарды тоқтату ісін­дегі үлесі жалпыға белгілі бол­ға­нымен, Қазақ­стан­ның бас­шы­лығы өзінің міндетін аяқ­талды деп есептемейді.

Қазақстан 2017-2018 жыл­да­­ры БҰҰ-ның Қауіпсіздік Ке­­­­ңе­сінің тұрақты емес мүшесі ре­­тінде халықаралық қауіп­сіз­дік­­тің жаһандық күн тәртібіне ма­­ңызды үлес қосуда.

Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның БҰҰ-ның Қауіп­сіз­дік Ке­ңесіндегі қызметі басым­дық­­тарының тұжырымдық не­гі­зінде – Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы сөйлеген сөзі, Манифест. «Әлем. ХХІ ға­сыр» және басқа да соғысқа қар­сы, ядролық қаруға қарсы жә­не лаңкестікке қарсы бастама­ла­ры жатыр. Бұл бастамалар ел­дің халықаралық бейбіт және қауіпсіздікті нығайтудағы күш-жігерінің негізі болып табы­лады әрі оның әлемдік қоғам­дастықтағы сенімді серіктес ре­тіндегі беделін дәлелдейді.

Қазақстан жаһандық және транс­ұлттық қауіпсіздіктің аса маңыздылығын ескере оты­рып, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Ке­ңесі­ндегі қызметінің басым­дық­тарын халықаралық ын­ты­мақтастықтың төрт саласына: ядролық қауіпсіздік, энер­гетикалық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі және су қауіпсіздігіне көңіл бөлу негізінде қалыптастырды.

Қазақстан жаһандық ядро­лық қауіп­сіз­дікті нығайтуды дәйек­ті түр­де жалғас­ты­руда жә­не ядролық қау­іп­сіз­дік­тің жал­ғыз ғана кепілі бола­тын толық, сондай-ақ, жалпы­лай ядро­лық қарусыздану идеясын ұс­­та­нып келеді. 2009 жылы Қа­­­зақ­­станның бастамасымен бе­­­кі­тілген 29 тамыз ядролық сы­­нақтарға қарсы әрекет ету Ха­лық­арлық күні БҰҰ-ның, әлем елдерінің, үкіметаралық және ­үкіметтік емес ұйымдардың ядролық сы­нақ­тарды тоқтату ісінде ерік-жігерін артты­руға бағытталған.

Біздің еліміз жаһан­дық энер­гетикалық инфра­құ­ры­лы­м­н­ың басты элементі екен­дігін де ұмытпауымыз керек. Энер­гетикалық қауіпсіздік са­ласы бойынша Қазақстан дәс­түр­лі және баламалы энергетиканы алға жылжыту үдерісінің белсенді қа­тысушы ретінде өзін таныта білді. Қазақстанның бас­та­­маларын айта отырып, ХХІ ға­сырда тұрақты дамудың Жа­һан­дық энерго-экологиялық стра­тегиясын, Еуразияның Энер­гетикалық стратегиясын айтпай кету мүмкін емес. Ба­ла­малы энергетиканы дамыту саласында Қазақстанның кө­ле­мді экологиялық бас­та­масы – «Жасыл көпір» бас­та­масын ұсынуы да айтар­лық­­тай жетістік. Астанада «Бо­ла­­ша­қтың энергия­с­ы» та­қы­ры­­бын­дағы ЭКС­ПО­-­2017 ха­лық­аралық көр­­­ме­сі де табысты өтіп жатыр.
Қазіргі таңда сумен қам­та­масыз ету және тран­с­шека­ра­лық өзендердің су ресурстарын бір­лесе пайдалану Ор­талық Азия елдерінің ал­дын­­да тұрған өзекті мәселелер. Су қауіпсіздігі саласында Қаз­ақстан Республикасы Орта­лық Азия мемлекеттерінің күш­те­рін су-энергетикалық ресу­рс­тарды бірлесе тиімді пайдала­ну төңірегінде жұмылдыру бой­ынша саясат жүргізуде. Қа­зіргі кезде аймақтың гидро­энер­­гетикалық әлеуетін тиім­ді пайдалану тетіктерін қ­ұ­ру мә­селесіне үлкен көңіл бө­лі­нуде.

Азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету саласында Қазақстан бидай мен ұнның ірі экс­порттаушысы бола отырып, азық-түлік қауіпсіздігімен байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін ұстанымға берік екендігін жария етті. Аштықпен күресу бойынша ұсыныстары Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде әлемдік деңгейге көтерілетіндігіне күмәніміз жоқ.

Аймақтық қауіпсіздік мәсе­ле­лерін шешуге қатыса отырып, Қазақстан Ауған жерінде бей­­бітшілік пен келісімді ор­на­ту үшін талай іс тындырды. Ауғанстандағы жағдайды рет­теудегі Қазақстанның үлесін ес­керіп, елімізге Қауіпсіздік Ке­ңесіндегі Ауғанстан/Та­ли­бан бойынша комитетке тө­рағалық ету тапсырылды. Со­нымен қатар, Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде ИГИЛ/ДАИШ/Әл-Каида және Со­мали/Эритрея бойынша комитеттерде төрағалық етеді.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Ке­ңе­сін­дегі мүшелігі Қаза­қ­стан­­­ның БҰҰ-ның бітім­гер­ші­лік операцияларына қаты­су бел­сенділігін арттыру жә­не ұйым­ның бітімгершілік әлеу­е­тін нығайту үшін де пайдала­ны­ла­ды. «Қазбат» БҰҰ-ның бас­шылығымен жүргізіліп жат­қан әскери қақтығыстар ай­ма­ғын­дағы бітімгершілік миссияларына қатысуға дайындалуда.

Қазақстан өзін көпжақты дипломатияда тиімді тепе-тең­дік­ті және бейтарап­ты­лықты ұс­тай алатын көзқарасы бар адал әрі әділ серіктес екен­дігін көрсетті. Қазірде рес­пуб­­лика міндет ретінде ал­ған әртүрлі аспектілерде бі­тім­гер­шілік миссияларын жүзе­ге асырумен айналысуда, ха­лы­қ­­аралық қақтығыстар мен дағ­дарыстарды реттеу мәсе­лелеріне барынша үлес қо­су­да. Біздің мемлекеттің қақ­ты­ғыстарды реттеу бойынша бел­сенді саясатының дәлелді ай­ғағы, Сириядағы атысты тоқ­тату бойынша Астаналық үдеріс болып табылады.
Астанада Сирияаралық реттеу мә­се­лесіне қатысты бес кез­дес­у өтті. Келіс­сөздердің не­гіз­гі нәтижелерінің бірі – төр­тінші кезең барысында қау­іп­сіз­дік аймақтарын құру жө­ніндегі Мемора­ндум­ға қол жет­кізу еді. Бұл аймақтардың ішін­де қаруды пайдалануға тыйым са­лы­нып, гуманитарлық ұйым­дар­дың жұ­мы­сы қамтамасыз етіледі.

Астаналық үдеріс өзінің па­ра­­метрлері бойынша Женева­лық келіссөздерден де тиімді бол­ды. Және де бұл келіссөздер жал­ғасады, себебі кепіл беруші мемлекеттер де, Сирия үкіметі де келіссөздердің жалғасуына мүдделі.

Біздің мемлекетіміздің ха­лық­аралық күн тәртібінде тұр­ған күрделі міндеттерді шешуге қатысуда үлкен тәжірибесі бар. Қауіпсіздік Кеңесіндегі өзінің мүшелігін Қазақстан, тіпті, мейлі, қақтығуысшы тараптарды бір келіссөздер үстеліне отыр­ғызу талпынысы ғана бол­са да, өзінің бейбіт бастамала­рын жүзеге асыру үшін пайдаланады.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Ке­ңе­сіне мүше­лігі – Қазақстан дип­ломаттарының маңыз­ды жетістіктерінің бірі. Әрине, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңе­сі­не мүше болу, бұл – елдің ха­лық­аралық аренада беделін арт­тыруға бағытталған жо­ба. БҰҰ-ның Қауіп­сіздік Ке­ңе­сін­е тұрақты емес мүшелігі стра­те­гиялық қадам. Сондай-ақ, ол – Қазақстанға ұлттық мүдделерді ескере отырып жаһандық саяси міндеттерді шешуге тең құқылы қатысу, халықаралық назар­ды біз­дің аймақтың мәсе­ле­ле­ріне ауда­руға, маңыз­ды халық­ар­алық ақпа­рат­тарға қол жет­кізу­ге мүмкіндік береді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақ­ты емес мүше болуы ел­дің эко­номикасына да игілікті әсе­рін тигізеді. Өйткені елге ин­­вес­­тициялардың ағымын ұл­ғай­тады, серіктестерімен сау­да қатынасын кү­шейтеді. Қазақ­стан­ның мұндай мәрте­бе­сі ше­тел­дегі қазақстандықтардың мү­д­д­елерін қорғауға да септігін ти­гізеді.
Жалпы алғанда, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның қызметінің барлық түр­ле­ріне бел­сенді қатысуды жал­­ғас­ты­руда. Елбасымыз Нұр­сұл­тан­ Назарбаев атап өт­кен­­дей, Қа­зақстанның БҰҰ-ның Қау­іп­сіздік Кеңе­сіне мү­ше­­лігі бар­­лық әлем­дік қоғам­дас­тық мү­­шелері ал­дын­дағы үл­кен жау­­ап­кершілік ретінде қарас­ты­рылады.

Осылайша Қазақстан ай­мақ­тық және жаһандық қа­уіп­­сіздікті нығайтуға БҰҰ жә­не барлық әлемдік қоғам­дас­тықпен танылған шынайы жә­не сындарлы үлес қосып отыр­ғандығын толығымен айта ала­мыз.

Құралай БАЙЗАҚОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институтының директоры

Соңғы жаңалықтар