Қазақстан • 24 Тамыз, 2017

Сот қызметіне Өзбекстан қызығушылық танытты

474 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Соты­ның Төрағасы Козимджан Камиловпен кездесіп, өзара ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйін талқылады. Бұл шара өзбекстандық судьялар делегациясының Шымкент қаласына жасаған ресми сапары аясында жүзеге асты.

Сот қызметіне Өзбекстан қызығушылық танытты

Кездесу аясында деле­гация мүшелері өңірдің ма­ман­дан­дырылған соттары­ның қызметімен таныстыры­лып, олардың назарына ел­дегі сот жүйесінің ақпараттық ком­му­ни­кациялық технология­ларының жұмыс үлгілері ұсынылды. Оң­түс­тік Қазақстан облыстық соты­ның ғимаратында өткен шарада Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми әріп­тесі К.Камиловты таяуда ғана Өзбекстан Республикасы Жо­ғарғы Сотының Төрағасы лауа­зы­мына тағайындалуымен құттық­тап, алғашқы кездесудің Шым­кент қаласында ұйым­дас­тырылуының маңызы жоғары екендігін атап өтті.

Кездесу барысында Елбасы бастамашылық еткен Ұлт жос­парының шеңберіндегі сот ре­фор­масының негізгі жетістік­тері егжей-тегжейлі баяндалды. Сондай-ақ, енгізілген жаңа­шыл­дықтардың қолданыстағы нәти­желеріне жіті көңіл бөлінетіндігі, сонымен қатар, сот сатыларын оңтайландырудың арқасында дау­ларды қараудың ең ұзақ мерзімі екі есеге қысқартылғаны да тілге тиек етілді. Сол себептен де, бүгінгі таңда азамат­тық істердің көпшілігі тарап­тарды сотқа шақырусыз жеңіл­детілген өндіріс тәртібімен қа­рас­тырылады және елдегі қыл­мыстық істердің төрттен бір бөлігі 10 тәулік мерзімге дейін же­ңілдетілген процедура бойын­ша оң шешімін тауып жатады.

Орайы келгенде Қ.Мәми бітімгерлік процедуралар мен медиацияны енгізудің қазақстандық тәжірибесіне, Халықаралық Кеңестің қызметіне тоқталып өтті. Осы күндері Қазақстанда элек­трондық сот төрелігін жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінген. 

Шара аясында соттарды реформалау мен электрон­дық технологияларды енгізу бойын­ша Қазақстанда атқарыл­ған жұмыстарға зор қызығушылықтарын білдірген Өзбекстан Жоғарғы Сотының Төрағасы К.Ка­милов, әріптесі Қ.Мәмиді ағым­дағы жылы Ташкент қала­сын­да өтетін ШЫҰ мүше елдері­нің жоғарғы сот төрағаларының кезекті Кеңесінде екі елдің жоғар­ғы соттары арасындағы ынты­мақ­тастық туралы Меморандумға қол қоюға шақырды. Айта ке­тейік, бұл құжат Қазақстан мен Өзбекстан сот органдары ара­сындағы қарым-қатынастың бас­ты бағыттары мен нысандарын белгілейді.

Кездесу аяқталғаннан кейін шетелдік делегация Қ.Мәмидің төрағалығымен өткен өңірлердің қосылуымен «Электрондық сот төрелігінің өзекті мәселелері» тақырыбымен ұйымдастырылған бейне-конференцияға қатысты. Оның шеңберінде Жамбыл облысындағы «Электрондық қылмыстық іс» қанатқақты жо­басын өткізу мәселесі мен Ба­тыс Қазақстан облысындағы өнді­рістегі істерді электрондық түрде қарастыру тәжірибесі, сондай-ақ, басқа да бірқатар жобалар тал­қыланды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»