«Ауди» және «Мерседес» көлігінің соқтығысынан қаза болғандардың қатарында бес және бір жасар бүлдіршінде бар. Көліктегі өзге жолаушылар да түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылған. Бүгінде осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабымен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша іс қозғалды.
Оқиға орны алған «Шымкент-Шаян» тас жолы күрделі жөндеуден өткен, жүргізушілердң бірінің қарсы бетке өтіп кеткені анық. ОҚО ІІБ-ы жедел уәкілдері осы жол-көлік оқиғасы бойынша анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»