Аймақтар • 25 Тамыз, 2017

ОҚО-да түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен экспедиция ұйымдастырылады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ОҚО-да түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен экспедиция ұйымдастырылады

ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын іске асыру мақсатында облыстағы этнос өкілдерінің қатысуымен өңірдің тарихи, қасиетті орындарына этнографиялық экспедиция ұйымдастырылады.

Экспедиция мүшелері Ордабасы ауданындағы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығында, Отырар ауданындағы «Арыстан баб» кесенесі мен «Отырар төбе» қалашығында, Түркістандағы Қ.А. Ясауи кесенесі мен Сауран қалашығында болып, тарихымен, археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар