Қазақстан атынан «Астана» командасы сынға түседі. Жеребе қорытындысы бойынша елордалық ұжым «А» тобына түсті. Мұнда жерлестеріміз «Вильярреал» (Испания) «Маккаби» (Тель-Авив), «Славия» (Прага) секілді командалармен кездесетін болады.
Айта кетейік, Испанияның "Вильярреал" командасымен 2014 жылы Еуропа лигасының бірінші іріктеу сынында кездескен болатын. Алайда, тәжірибесі аз елордалық клуб қос кездесудің қорытындысы бойынша 0:7 есебімен есе жіберген.
Еуропа лигасының алғашқы ойыны 14 қыркүйекке жоспарланып отыр.