Аймақтар • 25 Тамыз, 2017

Сенат депутаттары жұмыс сапарымен Алматы облысында болды

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

23-25 тамызда аймақтарға жұмыс бабындағы сапар барысында Сенат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова, сенаторлар Нұрлан Қылышбаев және Төлеубек Мұқашев Алматы облысындағы Ескелді, Талғар, Сарқант аудандарында, сондай-ақ Текелі, Қапшағай және Талдықорған қалаларында болды.

 

Сенат депутаттары жұмыс сапарымен Алматы облысында болды

Сенаторлар Ескелді ауданында болған кезде «Хильниченко и К» шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 500-ден астам қызметкер еңбек ететін кәсіпорын 4091 гектар жердегі 13 шаруа қожалығын біріктіреді. Мұнда егіншілік, мал шаруашылығы және өңдеу өндірісінің толық жүйесі қалыптасқан. Депутаттар серіктестік ұжымымен кездесіп, Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауындағы негізгі мақсаттар мен міндеттер туралы айтты және еңбеккерлердің сауалдарына жауап берді.

Сенаторлар «Тайжанов» шаруа қожалығының еңбек ұжымымен де кездесті.

Депутаттар Ескелді ауданындағы Жетісу ауылындағы орта мектепте ұстаздар қауымымен жүздесіп, білім беру жүйесіндегі жағдай туралы хабардар етті және білім мекемесінің материалдық базасымен танысты.

Сенаторлар Текелі қаласында да болды. Мұнда Орталық Азия университетінің жаңа ғимаратының құрылысымен, студенттік қалашықпен және «Bapy Mining» зауытымен танысты.

Сенат депутаттары Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі А.Баталовпен кездесті, қаладағы бірқатар әлеуметтік мекемелердің: Жастар орталығының және қалалық көпсалалы аурухананың жұмысымен, Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан балалардың ойын-сауық орталығымен танысты.

Сенаторлар Сарқант ауданында Алмалы ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда және Сарқант гуманитарлық колледжінде болды, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Қапшағай қаласында болған кезде сенаторлар «Кнауф Гипс Қапшағай» мекемесінің ұжымымен кездесті, парк пен спорт кешенінде болды. Қалалық әкімдік ғимаратында мәслихат депутаттарымен, әкімдік қызметкерлерімен, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

Жоғарғы Палатаның депутаттары Талғар қаласында «Байсерке Агро» мекемесінің ұжымымен де жүздесті.

Депутаттардың жергілікті тұрғындармен кездесулері барысында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелері түсіндірілді, Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұны талқыланды. Кездесуге қатысушылар Парламенттің заң шығару қызметі мен Сенаттың халықаралық салада атқарған істері туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Б.Әйтімова заңдардағы халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, міндетті дәрігерлік сақтандыру жүйесі, мемлекеттік білім берудегі жинақ жүйесі, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жаңалықтар туралы айтып берді.