Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

Алматыда жас суретшілер байқауы өтті

973 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында балалар арасында «Кел, ертегі суретін саламыз!» атты Республикалық суреттер конкурсының нәтижесі белгілі болды. Жеңімпаздардың суреттері ертегінің сюжеттерін әрлеу мақсатында кітапқа енеді. Осылай алғаш рет балалардың өзі жасаған кітабы жарыққа шықпақ.


Алматыда жас суретшілер байқауы өтті

Аталған жобаның әділ қазылар алқасы құрамында Мәжіліс депутаты – Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау істері бойынша өкілі – Зағипа Балиева, «Ғылыми-медициналық қоғам» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сурия Есентаева, Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Еркін Дүрімбетов, Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B.V. компаниясының вакцина департаментiнiң меңгерушісі Шукаева Әсел, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші Марат Бекеев, музыкалық продюсер, музыкант Нұрлан Қаражігітов, продюсер, тележүргізуші Серік Ақышев  болды.

«Өз денсаулығыңа  қамқор болу – бұл  балаларды ерте жастан тәрбиелеуге қажетті мәдениеттің, өмір салтымыздың бір бөлігі. Бұл жобаны өте жақсы  бастау деп қарастыруға болады. Біз үлкен азаматтық ерлікке ұмтылып, тұрғындар арасында  медициналық  сауаттылықты көтеру бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек және ағарту-әлеуметтік жобаларына Қазақстанның болашағына жанашыр адамдардың барлығын қатыстыру керек», деді Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.

Конкурсқа 3-8 жас аралығындағы балалар қатысты. Аталған ертегі және конкурс шарттары алдын ала www.konkurs.nmo.kz сайтында жарияланған еді. Балалар ұсынылған бес тақырыптың біреуін таңдап өз өнер туындысын электрондық мекенжайға жіберу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, конкурс аясында Алматы, Астана, Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларының ірі сауда орталықтарында сурет салуға арналған балалар алаңдары ұйымдастырылды.

Ертегі кітап 2017 жылы 17-18 қарашасында Алматы қаласында өтетін «Сену және өмір сүру» әлеуметтік-медицина форумы жұмысының аясында көпшілікке таныстырылады.

Қазіргі уақытта байқаудың ұйымдастырушылары ертегі кітапты емханалар және кітапханаларда тегін тарату жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше