Аймақтар • 25 Тамыз, 2017

Алматы облысында ұшақ 100 метр биіктіктен құлаған

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысының Балқаш ауданында апатқа ұшыраған шағын ұшақ 100 метр биіктіктен құлаған. Әуе кемесіндегі ұшқыш Анатолий Федорович Меньчиков оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында ұшақ 100 метр биіктіктен құлаған

Марқұм болған азамат 1954 жылы 20 желтоқсанда туған. Алматы қаласының тұрғыны. Ал ұшақтың ішіндегі жолаушы 1982 жылғы Орынғали Әбдіқайырұлы Зікірбаев. Ол Балқаш ауданындағы Қараой ауылының тұрғыны. Оның аяғы жарақаттанған. 35 жастағы азамат тікұшақпен Алматы қаласындағы №7 ауруханаға жеткізілген. Қазір науқас сол жерде ем қабылдап жатыр.

Құзырлы органның мәліметінше, ұшақ Алматы қаласы маңындағы Бұрындай елді мекенінен ұшып шыққан. Апат Балқаш ауданындағы Жиделі ауылдық округіне қарасты «Ақшағыл» шаруа қожалығы маңында болған.

Болжам бойынша, ұшақтың қозғалтқышы істен шықты. 100 метр биіктіктен құлаған екі кісілік әуе кемесі өртенбеген, тек бөлшектері сынған.